15.9 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 7 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 210

«Онлайн-бюджет мониторингі» модулі Жетісу облысының бюджетіне 8,6 млн. теңгеден астам қаражатты қайтаруға көмектесті

Жетісу облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджет мониторингі» модулі арқылы бюджет қаражатын пайдалану барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 8,6 млн.теңгеден астам қаражат қайтарылды. Білім саласы Тәуекелі жоғары операциялар ең көп осы салада тіркелді. Жалпы сомасы 393,7 млн. теңгені құрайтын 817 тәуекелді төлем анықталды. Тексеру нәтижесінде 102,7 млн теңге көлемінде мақсатсыз жұмсалған қаражат анықталып, 125 хабарлама жіберілді. Аталған...

Еркін демократиялық мемлекет жолында

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет құруды мақсат етті. Себебі, экономиканы өркендету мен саясаттағы саналы қадамдардың артында міндетті түрде құқықтық сауаттылық тұрады. Ал құқықтық мәдениеті дамыған елде қауіпсіз қоғам орнайды. Мемлекеттік рәміздерді қабылдап, мемлекеттің шекарасын бекіткеннен кейін Конституцияны дайындауға басымдықтың берілуі сондықтан. Ата заңымыздың тарихы көпшілікке мәлім. 1995 жылы жалпыхалықтық реферерендум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы әлі...

Жаныңда жүр жақсы адам

Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, Еңбек сіңірген қызметкері, Қаржылық бақылау саласының Құрметті қызметкері Камиля Байзолданова  мерейлі 70 жасқа толып отыр. Камиля Қалмұхамбетқызы 1955 жылдың 27 шілдесінде облысымыздың Ескелді ауданы, Жалғыз-ағаш ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң Ленинград (қазіргі-Санкт-Петербург) қаласындағы А.Вознесенский атындағы қаржы-экономика институтын экономист мамандығы бойынша аяқтап, жоғары білім алып шығады. Саналы ғұмырын еліміздің экономика және қаржы саласында өткізіп, 43 жыл...

Адал қызмет пен жауапкершілік иесі

Елімізде стратегиялық басымдық берілген маңызды саланың бірі-энергетика саласы. Энергетика- экономиканың өзегі саналатын индустрияны алдыға жылжытушы орасан күшке ие. Жарық пен жылусыз мемлекетіміздің өркендеуін көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Тіпті, күнделікті өмірімізде жарықсыз жүре алмасымыз анық. Сала мамандары тұрмыс-тіршілігімізге қажетті электр энергиясын тұрақты алуымыз жолында аянбай тер төгіп, еңбек етуде. Талдықорған қаласындағы «ТАТЭК» АҚ экономиканың және әлеуметтік секторды дамытуға байланысты электр...

Жұмыс берушілерге айыппұл салынды

2025 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Жетісу облысының мемлекеттік Еңбек инспекциясы департаменті еңбек саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. Департамент тарапына азаматтардан 300-ден астам өтініш тіркеліп, қаралды. Атап айтсақ, талап-тілектер еңбек құқығы, еңбек даулары, жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттері, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелеріне қатысты болды. Сондай-ақ, Еңбек кодексінің баптарын түсіндіруді сұраған өтініштер де аз болмады. Азаматтардың арыз-шағымдары...

Әділет саласында заң көмегі қолжетімді

Жетісу облысында әділет органдары қызметіндегі цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік баспасөз алаңында өткен брифинг барысында сала өкілі мәлім етті. Спикер өз сөзін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы: «Әрбір азамат өз сөздері мен іс-әрекеттерін заң тұрғысынан бағалап, оның құқықтық салдарын нақты түсінуі тиіс» деген сөздермен бастады. Президент тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң...

600 миллион теңге берешек өндірілді

Биыл облыс бойынша жеке тұлғалардан салықтар бойынша берешек көлемі шамамен 642 миллион теңгеге жетті. Берешектің негізгі бөлігі жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтарына тиесілі. Жеке мүлік салығы бойынша берешек көлемінің азаюы байқалады – 13,3 миллион теңгеге дейін төмендеген. Алайда, жалпы берешектің шамамен 97%-ы Талдықорған қаласында шоғырланған. Жеке шоттарға сомаларды есептеу және тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Комитет екінші деңгейлі банктермен – «Kaspi...

Салық заңдылығына өзгерістер енгізілді

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыру және салық жүктемесін...

Жетісу облысы ПД-да ерлікпен қаза тапқан милиция ардагерін еске алу шарасы өтті

Жетісу облысы ПД-да ерлікпен қаза тапқан милиция ардагері Александр Емельяненконы еске алу шарасы өтті, — деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жетісу облыстық полиция департаментінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан милицияның аға сержанты Александр Емельяненконың отбасымен естелік кездесу өтті. Александр Иванович ішкі істер органдарында адал қызмет етіп, өз ісіне берілгендігімен, қағидаттылығы мен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленген жан еді. 1977 жылы...

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында биыл 83 ойын және спорт алаңы салынып, жаңғыртылуда

2025 жылы облыс бойынша 83 балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарын жаңадан салу және аббаттандыру жүргізілуде. Соның ішінде 58-і жаңадан салынып, 25-і ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Бүгінгі күнге 25-інде құрылыс жұмыстары аяқталды, оның ішінде 7-уі – жаңадан салынған ойын алаңдары. Бұл шаралар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында тұрғын үй аулаларын абаттандыру бағытында атқарылып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда,...