«Онлайн-бюджет мониторингі» модулі Жетісу облысының бюджетіне 8,6 млн. теңгеден астам қаражатты қайтаруға көмектесті

730

Жетісу облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджет мониторингі» модулі арқылы бюджет қаражатын пайдалану барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 8,6 млн.теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Білім саласы

Тәуекелі жоғары операциялар ең көп осы салада тіркелді. Жалпы сомасы 393,7 млн. теңгені құрайтын 817 тәуекелді төлем анықталды. Тексеру нәтижесінде 102,7 млн теңге көлемінде мақсатсыз жұмсалған қаражат анықталып, 125 хабарлама жіберілді. Аталған соманың 6,2 млн. теңгесі бюджетке қайтарылды. Ал 96,5 млн. теңге сомасындағы бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар сотталып, жазасын өтеп жатыр.

Денсаулық сақтау

Салада жүргізілген талдау барысында тәуекелді шоттар анықталғанымен, растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін операциялар заңды деп танылып, шоттар тәуекелділер санатынан шығарылды.

Спорт

Бұл салада 47 тәуекелді төлем тіркеліп, олардың жалпы сомасы 34,6 млн. теңгені құрады. 46 хабарлама жолданды. Кейін ұсынылған құжаттар операциялардың заңдылығын растады.

Мәдениет

Мәдениет саласында 15 тәуекелді төлем тіркеліп, жалпы сома 7,9 млн. теңгені құрады. 2,4 млн. теңге көлеміндегі мақсатсыз пайдаланылған қаражат анықталып, бұл сома толығымен бюджетке қайтарылды.

«Онлайн бюджет мониторингі» модулі қаржылық заңбұзушылықтарды жедел анықтау құралы ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Жетісу облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын алу бақылауын күшейту және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз