19.2 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 26 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 174

Қазақстандағы қарттарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді. Республикада жасы бойынша 2,5 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда. ҚР Әлеуметтік кодексінің 197-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары...

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді....

Құттықтаймыз!!!

Президент Жарлығымен білім саласына сіңірген зор үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше қызметі үшін Талдықорған қаласы, К.Ушинский атындағы №7 КММ орта мектебінің мұғалімі Жұмағалиева Шырын Рахымбайқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлайды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Жетісу облысында тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

Жетісу облысында 2025-2026 жылғы тұмаудың жаңа эпидемиологиялық маусымына дайындық жұмыстары басталды. 29 қыркүйектен бастап өңірде «Тұмауға қарсы егілейік» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындарды иммундау шаралары қолға алынды. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 2 180 адам тұмауға қарсы екпе алды. Жыл сайын облыста тұмауға қарсы вакцинация үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Биылғы эпидемиологиялық маусымға облысқа барлығы 82 мың доза вакцина сатып алынды. Оның...

Жетісуда Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері құрметке бөленді

Жетісу облысында Қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Ысқақ Құсайыновқа арнайы құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің атынан ардагерді облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов пен облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт құттықтады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ардагермен әңгімелесіп, мерекемен құттықтаған Диас Рахметұлы мен Ермек Әбілмәжінұлы құрметті қарияға Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған «Ұрпаққа ұран болған...

Мемлекеттік корпорация құжаттарды жеткізу қызметін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында дайын құжаттарды қажетті мекенжайға дейін жеткізу қызметін енгізді. Жаңа қызмет «Халыққа қызмет көрсету бөлімінің менеджері» пилоттық жобасы аясында іске қосылып, қазір Мемлекеттік корпорация фронт-офистерінде қолжетімді. Енді халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметке өтініш берген азаматқа құжат дайын болған соң оны қажетті мекенжайға дейін жеткізу қызметі ұсынылады. Ол үшін бөлімшеде жеткізуге қажет деректерді...

Жетісудағы зауыттар қант қызылшасын қабылдай бастады

Жетісу облысында Ақсу және Көксу қант зауыттары тәтті түбір қабылдай бастады. Екі зауытта барлығы 528 мың тонна қант қызылшасын қайта өңдеу жоспарланған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл өңірде қант қызылшасы шамамен 12,2 мың гектарға егілген. Қазір Ақсу, Алакөл, Сарқан, Ескелді және Көксу аудандарында өнім жинау жұмыстары басталды. Жинауға 113 комбайн мен...

Қарттарға құрмет айлығы басталды

1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық қарттар күні әлемде жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке – елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардақты қарияларға алғыс білдірудің айқын көрінісі. Биыл Талдықорғанда 1 қазаннан 1 қарашаға дейін егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдау айлығы ұйымдастырылады. Бұл туралы Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ басшысы Мәди Шакенов БАҚ...

Жетісу облысындағы ұзақ жасаған 22 адамның ең үлкені 108 жаста

Жетісу облысында жасы ғасырдан асып кеткен 22 адам тұрады. Аймақтағы ең ересек кейуананың жасы биыл 108-ге толды, ол Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде  тұрады, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таратқан мәліметтерге қарағанда, ғасыр жасағандардың басым бөлігі Панфилов ауданында тіркелген. Яғни, жасы 100-ге жеткен және одан да асқан 11 адам жазиралы...

Талдықорғанда Чили компаниясы тегістегіш болат шар өндіретін зауыт салады

Талдықорғанда Чили компаниясы тегістегіш болат шар өндіретін зауыт салады. Жаңа кәсіпорынның іргетасын қалау келесі жылға жоспарланып отыр, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов шетелдік инвесторлармен өткен кездесуде ірі инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары келісімшартқа қол қойылған сәттен жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. - Инвестициялық жобалар – экономиканың ең маңызды драйвері. Жетісу облысында бірқатар...