ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ HAVAL ДИЛЕРІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЙДЫ
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласындағы Haval маркалы автокөліктердің ресми дилерінің қызметіне қатысты азаматтың өтінішін қарады.
Өтінішті қарау барысында «DAS AUTO» ЖШС (Haval ресми дилері) сату-сатып алу шарттарына автокөлік иелерін тек белгілі бір сервис орталықтарында ғана техникалық қызмет көрсетуден өтуге міндеттейтін талап енгізгені анықталды. Аталған талап орындалмаған жағдайда, автокөлікке берілген кепілдік міндеттемелері тоқтатылған.
Мұндай шарттар...
ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мониторингін жүргізу жөніндегі жоспар-кестесін бекітті.
Аталған жоспар-кестеге сәйкес, төрт объекті бойынша мониторинг жүргізу көзделген. Осыған байланысты 2025 жылдың III тоқсанында Департамент Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қызметіне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бөлігі бойынша мониторинг жүргізуде.
Мониторингтің мақсаты...
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІНЕ ТАЛДАУ АЯҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2022-2024 жылдар кезеңінде Талдықорған қаласының географиялық шекараларында мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы қызметтер нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспарлы талдауды аяқтады.
Талдаудың мақсаты - бәсекелестіктің даму деңгейін анықтау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалануды қоса алғанда, монополияға қарсы заңнаманы ықтимал...
«Таза Қазақстан»: Жетісуда табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды
Жетісу облысында табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды. Оның тағы бір ерекшелігі сол, бұл демалыс орнына «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркте өсетін ағаштар отырғызылып, оны мекендейтін жануарлардың мүсіндері орнатылған, сөйтіп «Қойтас» ұлттық парктің флорасы мен фаунасынан кеңінен хабар береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аумағы 6 гектарды құрайтын «Қойтас» саябағы Сарқан ауданының Сарқан қаласында орналасқан. Саябақты...
Салықтар мен баждар Жетісу облысының болашағын қалай жасайды
Импорттық тауар үшін салық немесе кедендік баж төлеген сайын, біз күрделі қаржылық тетікті іске қосамыз. «Жол» немесе «зейнетақы» салықтары туралы аңызға қарамастан, бұл ақшаның нақты мақсатты белгісі жоқ. Олар бірыңғай мемлекеттік бюджетке жиналып, сол жерден өзендер секілді бүкіл елге тарап, өңірлерді нәрлендіреді. Қазақстан мен жас Жетісу облысының мысалында есептердегі дерексіз сандардың нақты инфрақұрылым мен әлеуметтік игіліктерге қалай айналатынын қарастырайық.
Тәуелсіздіктің...
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»
«Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық.
Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым.
Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер,...
Қазақстанда «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға құрметті арттыру мақсатында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңге. Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін қабылданады. Қорытынды іс-шара Астана қаласында 25 қазан – Республика күні...
Елордада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді
2025 жылдың 25–29 қазаны аралығында Астанада үстел теннисінен жылдың ең ауқымды әрі беделді спорттық оқиғасы – Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы ашық кубогі (President’s Open Cup) өтеді.
Жарыс Beeline Arena спорт кешенінде Nomad Table Tennis Academy ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен өткізіледі. Демеушілер Aspan Holding және VD Stroy Engineering компаниялары.
Турнирдің жалпы сыйақы...
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы
Қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні (бұдан әрі – МБА) атап өтіледі. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік...
1–11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленуде
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Адами капиталды дамыту және кәсіби бағдар беру орталығында жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға арналған кезеңдік нұсқаулықты әзірлеу мақсатында жұмыс тобының қызметі басталды.
Нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән педагогтеріне, сынып жетекшілеріне және кәсіби бағдар беру мамандарына арналған. Онда іс-әрекеттің нақты алгоритмдері, сабақтардың үлгілік сценарийлері, ата-аналар мен әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл формалары,...





























