Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мониторингін жүргізу жөніндегі жоспар-кестесін бекітті.
Аталған жоспар-кестеге сәйкес, төрт объекті бойынша мониторинг жүргізу көзделген. Осыған байланысты 2025 жылдың III тоқсанында Департамент Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қызметіне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бөлігі бойынша мониторинг жүргізуде.
Мониторингтің мақсаты мемлекеттік қолдау көрсету кезінде бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманың талаптарының сақталуын бағалау, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге әкеп соғуы мүмкін ықтимал бұзушылықтардың алдын алу.
Мониторинг нәтижелері бойынша, егер бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Департамент заңда белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдайтын болады.





























