«Жолданбаған хаттар»: Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған деректі фильмнің түсірілімі аяқталды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ел бірлігі мен татулық құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Жолданбаған хаттар» атты деректі фильмнің түсірілім жұмыстары өз мәресіне жетті. Фильмді «Inspire Creative Group» шығармашылық тобы түсірді.
Деректі туындының негізгі идеясы – бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін көрерменге көркем әрі шынайы түрде жеткізу. «Жолданбаған хаттар» фильмі әр кезеңдегі тағдырлы оқиғалар мен адам тағдырларын біріктіре отырып, елдегі этносаралық...
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПОШТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ТАЛДАУ АЯҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жылдан 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде Талдықорған қаласының географиялық шекараларында пошта байланысы бандерольдер мен сәлемдемелер қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспарлы талдауды аяқтады.
Талдаудың мақсаты – бәсекелестіктің даму деңгейін анықтау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалануды қоса алғанда,...
Экономиканың 6,3%-ға өсуі: Президент тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау және инвестиция тарту шаралары жүзеге асырылуда
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмалары аясында тұрақты өсімді қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған экономиканы дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.
2025 жылдың тоғыз айында ел экономикасының өсуі 6,3%-ды құрады. Бүгінде көлік, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салалары экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр.
Макроэкономика және қаржылық тұрақтылық
Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсуі 6,3%-ға жетті,...
Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды
Жетісу облысында жалпы ұзындығы 178 шақырым болатын «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, бірнеше кезеңмен атқарылған болатын. Енді республикалық жол барлық талаптарға сай жасалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан тұрғындары жөнделген жолдың сапасына ризашылығын білдіруде. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің қиылыстарында жарықтандыру шамдары орнатылып, жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер жаңартылды. Көліктердің...
Судың ақысы жаңа әдістеме бойынша өспейді
2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді. Кейбір БАҚ өкілдері жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суды қымбатырақ төлейді деп хабарлаған еді. Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және су үшін төлем мөлшерін арттырмайды.
Министрліктің...
«Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп»: Жетісуда тақырыптық муралдар салынды
Жетісу облысында Республика күніне орай бір күнде тақырыптық үш мурал бір уақытта ашылды. Жоба Президенттің «Әділетті Қазақстан» идеологиялық бағдарламасы аясында өңір жастарының бастамасымен жүзеге асырылып, азаматтық жауапкершілікті, экологиялық мәдениетті және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп» қағидаларының негізгі принциптерін насихаттау мақсатында салынған бұл муралдар Сарқан...
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббқа сый-құрмет көрсетті.
Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақорда резиденциясында Финляндия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Протокол тәртібіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалғаннан кейін президенттер шағын құрамда кездесу өткізді.
– Сіздің сапарыңыз –...
Көксу ауданында жаңа форматта Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Жетісу облысының Көксу ауданында халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту аясында, кеңсе заманауи цифрлық жүйе форматында аудан тұрғындарына есігін қайта ашты. Мұнда 1300-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалы.
Цифрлық кеңселердің әдеттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басты айырмашылығы – соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету мен қызмет көрсетудің заманауи көзқарасын қалыптастыру. «Халыққа қызмет көрсету...
«Халық заңгері»: 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады
2025 жылдың 31 қазанында еліміздің барлық қалаларында және ірі елді мекендерінде "Халық заңгері" атты республикалық акция өтеді. Бұл күні кез келген азамат мамандардан кәсіби және тегін құқықтық кеңес ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтардың сұрақтарына танымал адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, прокурорлар, полицейлер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да сарапшылар жауап береді.
Өз мәселесінің шешілу ықтималдығын арттыру үшін ұйымдастырушылар азаматтарға...
Шекарашылар Республика күнін тауда атап өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Республика күні мерекесіне орай тауға шығып, табиғат аясында демалды. Салауатты өмір салтын қолдауға шықырды, ұжым бірлігін арттырды.
Бұл шара шекарашылардың рухын көтеріп, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті одан сайын арттыра түсті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























