23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті кеуделеу, гір көтеру, кермеде тартылу сынды 3 спорттық ойын түрінен арнайы  турнир өткізді.

Короновирус індетінің өршіуіне байланысты онлайн өткен сайысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе ұйымдастырған. Оған аймақтағы әрбір аудан қала әкімдіктерінің жетекшілерімен мамандары қатысты.

Бұл шараны өткізудегі басты мақсат  – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, азаматтарды үнемі салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сондай-ақ, оларды дене тәрбиесі мен айналысуға шабыттандырып, күнделікті өмірде спортты серік етуге үгіттеу, – дейді ұйымдастырушылар  .

Көрермендер «ZOOM» байланысы арқылы тікелей эфирден тамашаланған жарыстың жеңімпаздары енді алдағы мереке кезінде арнайы диплом және медальдармен марапатталатын болады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK