Талдықорғанда су саласының мамандары марапатталды
Елімізде 9-шы шілде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығында арнайы жиын өтіп, бірқатар мамандар марапатталды.
Шаһар әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков жалпы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, олардың жұмыстарына сәттілік тілеп, біраз адамдарға қала әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Бұл жолғы құрметке ие болғандар...
Экология жастар көзімен: Жетісуда бейнероликтер байқауы өтті
Кеше Жетісу облысында экологиялық мәселелерге арналған бейнероликтер байқауы өтті. Ауқымды шара облыстың барлық аудандары мен қалаларында бір мезгілде ұйымдастырылып, жастар ұйымдары мен білім беру мекемелерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Байқау «Менің эко-күнім», «Табиғат тіл қатады», «Қоқыстан кейінгі өмір» атты үш бағыт бойынша жүргізілді. Қатысушылар экологиялық ойларын қысқаметражды бейнеформатта жеткізіп, әлеуметтік желілерге бейімделген, заманауи және креативті жұмыстар ұсынды.
Жас авторлар роликтерінде...
«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасы бастау алды
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің «Бір толқында» диалог алаңының жұмысына қатысты. Шығыс Қазақстан облысының Горная Ульбинка ауылында еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық делегат бас қосты. Сондай-ақ іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Бүгінде 100 мыңға жуық жас азаматты біріктіріп отырған «Жастар...
Жетісуда өңірде теңдесі жоқ газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл кәсіпорын кірпіштің осы түрлерін өндіретін өңірдегі алғашқы кәсіпорын саналады. Зауыттың жылдық қуаты жылына 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
– Жетісу облысы құрылғаннан бері үш жыл...
Алакөл, Балқаш көлдеріне демалуға баратындар санының артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алакөл мен Балқаш көлдеріне демалушылар қатарының артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Жетісу облысында полиция қызметкерлері Алакөл мен Балқаш көлдеріне баратын бағыттарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейтілген режимде жүргізуде.
Туристер легінің артуына байланысты негізгі автожолдарға жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Патрульдік полицияның қосымша жасақтары тартылып, мобильді...
Жетісу облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда: 5 айда мал басы 4%-ға, асыл тұқымды мал 13,4%-ға артты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту мақсатында бекітілген 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасының индикативтік көрсеткіші Жетісу облысында жоспарға сәйкес орындалуда. Өткен 5 айда мал саны 4%-ға өсіп, 2,8 млн. басты құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Биылғы жылғы ауа райының...
Еліміздің оңтүстігінде 6 балдық жер сілкінісі болды
8 шілдеде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай жер сілкінді. Бұл туралы басқа дереккөздеріне сүйеніп хабарлаймыз.
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде 14:30-да жер дүмпуін тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан. Құлан ауылында 6 балдық жер сілкінісі болған. Ал Меркіде – 3 балл.
Одан бөлек жер сілкінгені сезілген аймақтар:
Шу – 3 балл
Сарыкемер – 3 балл
Төле...
Бейбіт Исабаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттарымен кездесті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысымен кездесуге Парламент Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембинов, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов, сол сияқты Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев және облыстық мәслихат хатшысы Гүлнар Тойлыбаева қатысты.
Әңгімелесу барысында аймақта республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жобалардың іске асырылуы,...
«Заң мен Тәртіптің» мән-мағынасы қозғалды
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Талдықорғандағы Салтанат сарайында өңір тұрғындарымен және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар да қатысты. Жиынды Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жүргізді.
Алдымен сөз алған Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының мән-маңызына тоқталып, оны іске асыру тек құқық қорғау органдарының ғана...
Коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған.
"Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1 пайыз). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара...




























