0.4 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 29 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 123

Жетісуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап мурал салынды. Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған бұл сурет Ассамблеяның ел бірлігін, татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін айшықтап тұр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Бұл теңдессіз арт-нысан – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған, еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем...

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының XXI маусымы Алакөлде салтанатты түрде ашылды

2025 жылғы 11 шілде күні Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы «Жалын» жазғы лагерінде «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының XXI жұмыс маусымының салтанатты ашылуы өтті. Аталған іс-шараға облысымыздың барлық аудан-қалаларынан жиналған 180-ге жуық белсенді жас қатысты. Салтанатты бөлімнен кейін «Жасыл Ел» сарбаздары қоршаған ортаны қорғау бағытындағы алғашқы жұмыстарын бастап, Алакөлдің жағалау аумағын қоқыстан тазарту акциясын өткізді. Бұл шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға...

Мектептің жүрегі – жаңашыл ұстаз

Қарапайым информатика пәнінен басталып, шығармашылық пен технология тоғысқан сабақтарға ұласатын ерекше бір сынып бар. Бұл – Талдықорғандағы Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің мұғалімі Мәулен Қалиевтің кабинеті. Мәулен мырза – бүгінгі мектептің бет-бейнесін өзгертетін жаңа толқын ұстаздарының бірі. Сабақ кезінде оқушылар қол көтеріп жауап беріп қана қоймайды — олар ойлайды, салыстырады, талдайды және цифрлық ортада еркін жұмыс істейді. Оның басты құпиясы...

Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншісі «Славян базары» фестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншісі Алмагүл Батталиева «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Ол 2025 жылдың 10–13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында өткен аталмыш байқауда Қазақстанның атынан өнер көрсеткен болатын, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алмагүл Батталиеваның Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясында жеке дауыстағы әнші болып жұмыс істеп жүргеніне үш...

Жетісу облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 100 қылмыс ашылды

Жетісу облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 100 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жетісу облысы полиция департаментінің кинология қызметінде бүгінде 23 қызметтік ит бар. Олар құқық бұзушылықтың алдын алуда және ашуда маңызды рөл атқарады. Жыл басынан бері қызметтік иттер 900-ге жуық оқиға орнына жұмылдырылып, олардың көмегімен 100 қылмыс ашылды. Оның ішінде 20 факті – есірткі қылмыстарына қатысты...

Құқықтық сауат: Полиция, заң және өз құқығыңыз туралы қарапайым тілмен

Құқықтық сауаттылық – әрбір азамат үшін маңызды және қажет білім саласы. Бұл тек заңгерлерге ғана емес, күнделікті өмірде қарапайым адамдарға да керек. Қоғамда өз құқығын білетін және оны қорғай алатын азамат қашан да сенімді, сауатты әрі қорғалатын болады. Полиция тоқтатқан жағдайда ең алдымен қызметкер өзінің куәлігін көрсетуі тиіс. Ол сені не үшін тоқтатқанын және қандай себеппен құжат талап етіп жатқанын...

Адал еңбек – адал табыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Ел Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында Талдықорған қаласындағы орталық Арбатта «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Адал еңбек – адал табыс» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік...

«Үздік педагог» атағының иегері 4 млн. теңгеге жуық сыйақы алады

Елімізде ұстаздарды қолдау мақсатында «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн. теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы қарастырылған. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Жарысқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. Конкурс үш кезеңнен тұрады: 1-кезең – аудандық, қалалық деңгей (8 - 25 шілде); 2-кезең – облыстық деңгей...

Президент тапсырмаларын орындау: Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

Басымдық берілетін туристік бағыттардың жай-күйін бағамдау мақсатында өңірлерге жұмыс сапарын жалғастырған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Жетісу облысындағы басты туристік бағыттардың бірі саналатын Алакөл көлі жағалауы инфрақұрылымының қазіргі жағдайымен танысты. Облыс құрылғаннан бері Алакөл ауданына 4,8 млн турист келген, соның 1,8 млн-ны өткен жылдың үлесінде. Сапар барысында Вице-премьер коммуналдық жағажайда болды, мұнда өзге де аймақтардағы сияқты кешенді тұрғыда шешуді қажет...

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайы Су шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі аталып өтті. Мерекелік жиында сала мамандарын облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтап, мамандарға мемлекеттік марапаттар тапсырды. Сол сияқты «Жетісу ирригация» коммуналдық кәсіпорнына 4 арнайы техника сыйға тартылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. М. Көлбаев су шаруашылығын дамыту бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды....