Машина жасау – өсу көрсеткіштерін бастап тұр: өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті

7

Президенттің экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже беруде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

11 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,9% жалпы өсім көрсетті. Кіші салаларға бөлгенде машина жасау секторы сөзсіз көшбасшы болып отыр, онда өндіріс көлемі 11,6%-ға өсті. Басқа да негізгі секторларда оң динамика бар: азық – түлік өндірісі 8,7%-ға, химия өнеркәсібі 8,1%-ға, ал мұнай өңдеу 6,5%-ға өсті.

«Бұл салалардағы инвестициялар мен өндірістің өсуі ауқымды мемлекеттік қолдаумен тікелей байланысты. Тек «Бәйтерек» холдингі тарапының өзінен осы кезеңде басым бағыттарды қаржыландыру көлемі 8 трлн теңгеден асты»,
— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз