Өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті: тоқыма өндірісі 13%-ға артты

78

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және нарықты отандық тауарлармен қанықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет қайта өңдеу секторының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Саланы дамыту нәтижелері туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалып, өсім 5,9%-ды құрады. Өндіріс көлемі 8,1%-ға өскен химия өнеркәсібінде айтарлықтай динамика байқалады. Бұған минералды тыңайтқыштар, полипропилен және бояу материалдарын өндіруді арттыру арқылы қол жеткізілді.

Жеңіл өнеркәсіпте 7,4% өсім тіркелді. Бұл ретте тоқыма бұйымдарының өндірісі бірден 12,9%-ға ұлғайды. Сондай-ақ бетон, цемент және құрылыс қоспалары өндірісінің өсуіне байланысты құрылыс материалдары өнеркәсібі (+7,1%) оң нәтиже көрсетіп отыр.

«Оң динамика көбінесе отандық өндірістік қуаттардың жүктемесін арттыру, өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі. Біз өндірістерді локализациялауды одан әрі қолдауға ниеттіміз»,
— деді Олжас Сапарбеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз