18 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 21 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 104

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛДАҒЫ 10 КӨРСЕТКІШІ

1) 2025 жылдың 11 айында Жетісу облысында 338,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 3105 отбасы жаңа қонысқа ие болды. 2) 134 901 түп ағаш (көшет) отырғызылды. 3) 41 сенбілік өткізіліп, 16 мың тонна қоқыс жиналып, шығарылды. 4) 40,6 км жол қайта жаңартудан және 51 км күрделі жөндеуден, 223,6 км орташа жөндеуден өтті. 5) 2025 жылы 61 денсаулық сақтау нысаны жаңадан...

Талдықорғанда «Жаңа жыл – әр балаға қуаныш!» акциясы өтті

Талдықорған қаласында әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға арналған қайырымдылық акциясы сәтті өтті. Бұл шара балаларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың жүрегіне қуаныш ұялата білді. Акция арқылы қатысушылар қоғамдағы мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайтып, балалардың өздерін маңызды әрі бағалы сезінуіне мүмкіндік жасады. Бұл бастама Талдықорған жастарының әлеуметтік жауапкершілігін, белсенді азаматтық ұстанымын және қайырымдылыққа деген бейімділігін көрсетеді. Шара игі істер мен қайырымдылық мәдениетінің...

2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын...

Жыл қорытындысы: өңірде 11 айда 338 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жетісу облысында соңғы үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 13 498 отбасы жаңа қонысқа ие болды, оның 2 362-сі халықтың әлеуметтік осал топтарына, 388-і апатты тұрғын үйде тұратындарға берілді. Бұл ретте өңірде 11 айда 338 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған кезеңде жаңадан салынатын немесе жөндеуді...

ЖАҢА ЖЫЛ ӘР ШАҢЫРАҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН МОЛШЫЛЫҚ ӘКЕЛСІН!

Жетісу облысының әкіміБейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың2026 Жаңа жылмен құттықтау Құрметті жетісулықтар! Сіздерді 2026 Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!Жаңа жыл – күнтізбе ауысатын шақ қана емес, ол әрбір жандыжарқын үмітке, жаңа арман-мақсатқа жетелейтін игі мереке. Осымерекеде әдетте өткен кезеңге көз жіберіп, ой елегінен өткіземіз,жаңа жылға жоспар жасап, бағыт-бағдарымызды айқындаймыз. Солсияқты бұл қуаныш отбасылық дәстүрлер мен құндылықтардыжаңғыртып, баршамызды жақсылыққа біріктіре түседі.2025 жыл Жетісу облысы үшін табысты...

Жыл қорытындысы: Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 11 жаңа саябақ пен 5 сквер салынды

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жүйелі іске асырылуда. Облыс құрылғаннан бері 11 жаңа саябақ, 5 сквер, 2 аллея салынып, 21 саябақ күрделі жөндеуден өтті. Мәселен, Сарқан ауданында табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Осы орайда халықтың қолайлы әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға назар аударылып, барлық аудан-қалалардағы орталық саябақтарды жаңғыртудың жобалық-сметалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

  – Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.  Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.  Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.  

Талдықорған қаласындағы Аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы «Үздік «Қамқорлық» орталығы – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Талдықорған қаласындағы «Аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырған «Үздік «Қамқорлық» орталығы – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл орталық 2023 жылдың 31 мамырында инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының бастамасымен ашылған болатын. Орталықтың басты мақсаты — әр баланың әлеуетін ашуға көмектесу, оларды қарым-қатынасқа баулу және өмірге сенімді...

Жолдардағы көктайғақ: ІІМ азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады.      Қауіпсіздік үшін: аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды; алыс сапарларды кейінге қалдыруды; жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды; қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды; көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұраймыз. Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын...

Жыл қорытындысы: Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 11 жаңа саябақ пен 5 сквер салынды

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты тарихи кітаптың салтанатты тұсаукесері және «Оқылмаған хаттар» көркем фильмінің премьерасы өтті. Талдықорған қаласында Мерекелік жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жергілікті зиялы қауым мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналып, қатысушыларға бірлік...