ЖАҢА ЖЫЛ ӘР ШАҢЫРАҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН МОЛШЫЛЫҚ ӘКЕЛСІН!

Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
2026 Жаңа жылмен құттықтау

Құрметті жетісулықтар!

Сіздерді 2026 Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
Жаңа жыл – күнтізбе ауысатын шақ қана емес, ол әрбір жанды
жарқын үмітке, жаңа арман-мақсатқа жетелейтін игі мереке. Осы
мерекеде әдетте өткен кезеңге көз жіберіп, ой елегінен өткіземіз,
жаңа жылға жоспар жасап, бағыт-бағдарымызды айқындаймыз. Сол
сияқты бұл қуаныш отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды
жаңғыртып, баршамызды жақсылыққа біріктіре түседі.
2025 жыл Жетісу облысы үшін табысты болды. Тұрғын үйлер мен
инфрақұрылымдар салынып, жолдар жөнделді, әлеуметтік нысандар
іске қосылып, елді мекендер абаттандырылды. Біз өңіріміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру
жолында қажетті мүмкіндіктерді жасап, ортақ мақсатқа бірге
жұмылдық.
Жаңа жылда да атқаратын ауқымды істеріміз, игі
бастамаларымыз, жоспар-жобаларымыз аз емес. Бұл межелерге біз
адал еңбегіміз бен жоғары жауапкершілігіміздің, өзара түсіністік пен
берекелі тірлігіміздің арқасында жете аламыз.
Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтай отырып, сіздерге зор
денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға мейірім мен махаббат, бақ-
береке тілеймін.
Жаңа жыл әр шаңыраққа жақсылық пен молшылық әкелсін!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз