Жолдардағы көктайғақ: ІІМ азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады.

     Қауіпсіздік үшін: аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды; алыс сапарларды кейінге қалдыруды; жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды; қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды; көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұраймыз.

Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, — деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.

Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы

Жолдардағы көктайғақ: ІІМ азаматтарға үндеу жасады

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз