Жетісу облысында соңғы үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 13 498 отбасы жаңа қонысқа ие болды, оның 2 362-сі халықтың әлеуметтік осал топтарына, 388-і апатты тұрғын үйде тұратындарға берілді. Бұл ретте өңірде 11 айда 338 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған кезеңде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы 276 нысан жаңартылды.
Соның ішінде білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Бұл ретте облыста апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ.
Ал денсаулық сақтау саласында 149 жаңа нысан қолданысқа беріліп, 13 нысанға күрделі жөндеу жасалды.
Сондай-ақ облыс құрылғаннан бері 39 спорттық және 34 мәдениет нысандары жаңартылып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, инвесторлар есебінен Талдықорған қаласында жабық мұз аренасы, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үй және екі үстел теннисі орталығы салынды
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков



























