1) 2025 жылдың 11 айында Жетісу облысында 338,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 3105 отбасы жаңа қонысқа ие болды.
2) 134 901 түп ағаш (көшет) отырғызылды.
3) 41 сенбілік өткізіліп, 16 мың тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
4) 40,6 км жол қайта жаңартудан және 51 км күрделі жөндеуден, 223,6 км орташа жөндеуден өтті.
5) 2025 жылы 61 денсаулық сақтау нысаны жаңадан ашылып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. 6 спорт және дене шынықтыру нысаны,
5 мәдениет нысаны бой көтерді.
6) 3 жаңа мектеп және 13 балабақша ашылды.
7) 12 542 жаңа жұмыс орны құрылды.
8) 25 кәсіпорын іске қосылды, өңір экономикасына 50,6 млрд.тг инвестиция тартылды.
9) 2,0 млн.тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды. Сондай-ақ төрт түлік саны 2,6 млн. басқа жетіп, ет өндірісі 91,2 мың тоннаны, сүт 210,5 мың тоннаны құрады.
10) 47 елді мекенге табиғи газ жеткізілді.




























