Білімді өрендер Шымкентте бақ сынайды

833

Биылғы оқушылар арасында өтетін  білім сайысы-республикалық пән олимпиадасы Шымкентте өтеді.

Білім саласындағы озық көрсеткіштердің нәтижесінде биыл республикалық олимпиада алаңы Шымкенттен таңдалып отыр. Айта кетейік,бұл өңірдің оқушылары соңғы үш жылда республикалық пән олимпиадаларында топ жарған еді.

Республикалық жарыс екі кезең бойынша 20-25 наурыз және 3-8 сәуір аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында өтеді. Білім додасында жетісулық дарындылар да  бағын сынайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз