Еңбек ауылында спорт және балалар ойын алаңы қолданысқа берілді

907

Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылы аумағындағы Еңбек елдімекенінде спорт және балалар ойын алаңы ел игілігіне берілді. Ойын алаңының ашылу салтанатына ауылдық, қалалық әкімдік өкілдерімен қатар аймақ тұрғындары қатысып, ризашылығын білдірді.

Жиналған қауым алдында сөз алған Өтенай ауылының әкімі Жаннұр Әбішев ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ ол: — «Бүгінде Өтенай ауылына – Еңбек, Мойнақ, Пригородный, Ынтымақ, Жастар сынды бірнеше елдімекендер қарайды. Соның ішінде өткен жылы 4 ауылға заманауи құрылғылармен жабдықталған балалар алаңы салынды. Соның бірі, міне, өздеріңіз куә болып отырған осы Еңбек ауылындағы спорттық және балаларға арналған ойын алаңы. Енді ауылдың жас азаматтары мен бүлдіршіндері бос уақытында спортпен шұғылдануына еш кедергі жоқ. Жаңа алаң жайлы, ауылымыз гүлденіп, көркейе берсін!», –деді.

Өтенай ауылдық әкімдігінің қолдауында бой көтерген бұл алаң негізі өткен жылдың қараша айында толық салынып болған. Жақында аумағы кеңейтіліп, жұмсақ  төсеніштермен басқа да жабдықтармен толықтырылған.  Басқосу барысында ауыл ақсақалдары ақ батасын арнап,  игілікті істерге атсалысқан азаматтарға ізгі  тілегін жеткізді. Шара соңы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, Еңбек, Мойнақ, Өтенай ауылы жастарының спорттық жарысымен аяқталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз