Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіндегі ақпараттық алаңына «Жетісу жастары ұйымының конгресі» ЖҚБ үйлестіруші Ержан Дәулетбаев келіп, «Жастар арасында нашақорылыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру» тақырыбында БАҚ өкілдеріне айтып берді.
Спикердің айтуынша, Жетісу облысындағы жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобаның іс-шаралар кешені — салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру, есірткінің барлық түрлерінің өмірге зияны туралы білімдерін тереңдету және жастар арасында нашақорлықтың таралу себептері мен механизмдерін талдау, олардың алдын алу факторларына бағытталған. Негізінен жоба аудиториясы мен санаты бірнешеу, мәселен, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, БАҚ өкілдерімен кездесу, дөңгелек үстел өткізу ойластырылған.
Жоба шеңберінде тақырыпқа байланысты буклет, брошюра, үлестірме материалдарды тарату, бейнероликтерді, посттарды қарау және т.б. арқылы кемінде 100 мың адамды ақпаратпен қамту жоспарлануда. Жастар арасында тақырып бойынша кемінде 20 іс-шара, облыстың әр қаласы мен ауданында дәріс, тренинг, семинар өткізіліп, айына 1 рет қоғамдық орындарда, базарларда, кәсіпорындарда, сондай-ақ жастар жиналатын және адамдар көп жиналатын орындарда ақпараттық материалдар, буклеттер таратылатын болады. Қалалар мен аудандарда арнайы 100 плакат әзірленіп, орнатылады. Әрбір іс-шараның қорытындысы бойынша кері байланыс жүргізіліп, қатысушылардың зиянды заттарға деген теріс көзқарастары 85%-ға артуы күтілуде. Яғни, қоғамда арақ, темекі, энергетикалық сусындар сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын алуға тәрбиелейді. Сондай-ақ, СПИД, туберкулез сынды аурулардан аулақ болуға тартады. Іс-шараларға қатысушылардың ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру қарастырылады.
Ержан Жанатұлының айтуынша, жобаның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру.
Нашақорлықты жою мақсатында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қоғам арасында зиянды әдеттермен заттардан арылудың маңыздылығын ескере отырып тәжірибелік және ақпараттық жұмыстармен қамтамасыз ету.