Діни киіммен мектепке кіруге рұқсат жоқ

321

2023-2024 оқу жылына мектепке хиджаб киіп келетін оқушылар саны 23-ке жеткен. Мамандар тиісті жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 23 оқушының  8-і  өз  ұстанымында қалып, қалғаны ортақ киім үлгісіне көшкен. Бұл туралы облыстық Дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай баспасөз өкілдерімен  өткен жиын барысында айтқан еді.

 -2024 жыл басынан оқу жылы соңына дейін 8 оқушы қызбен тиісті жұмыстар жүргізіліп, 2 оқушының ата-анасына, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409 бабы, 2 тармағына әйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Дін істері басқармасы басшысының айтуынша, мектептерде зайырлы қағидаттар сақталуы тиіс. Бұл білім министрлігінің тікелей алға қойған мақсаты. Осы  бағытта республика бойынша мектептің ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. Яғни, діни аттрибутикамен мектепке кіруге рұқсат жоқ. Алдағы уақытта азаматтар осыны ескерсе екен, -дейді  Сағыныш Асқарұлы.

 Сондай-ақ, Жетісу облысының 27 имамы аттестаттаудан өтті. Олар алдағы уақытта тиісті бұйрық шыққан жағдайда аймақтың имамы жоқ мешіттеріне қызметке жіберілетін болады. Бұдан бөлек, биыл «Нұр-Мүбәрәк» университетінің және медресе бітірген түлектерді қызметке тарту әлі жалғасып жатыр.

 Дегенмен, бүгінде кадр тапшылығы имамдар қауымдастығының  арасында бар. Атап  айтсақ, өңірдегі 12 ауылдық мешітте имам жоқ.

Білікті имамдар корпусын қалыптастыру мақсатында Дін істері басқармасының  тапсырысымен шілде айында  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында имамдарды оқыту курсы басталып, өткізілуде.  Одан бөлек,  имамдарды қызметке тарту бағытында өңірге өткен жылы 9 имам, биылғы  жылы 12 имам қызметке тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз