Баршаға белгілі, еліміз бойынша 2023-2024 оқу жылының басынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына тамақтану ұйымдастырылған. Жетісу облысы бойынша 340 мектеп болса, оның 277-де асхана, 17-де буфет және 46-сында буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылып отыр. Өңірдегі оқушылар саны 129595 құраса, оның ішінде 116016 ыстық тамақпен, қалғандары буфеттік тамақпен қамтылған,-дейді журналистермен өткен брифингте Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов.
Ағымдағы жылдың қантар айынан бастап ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарының сақталуына мектеп асханалары мен буфеттерін тексеру басталды.
Спикедің айтуынша, мектептер балаларды тамақтануда қойылатын талаптарды да сақтаулары керек. Бұл жерде балалар денсаулығы назарда.
Өндірістік және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда (себезгі, санитариялық тораптарда) қабырғалардың, ара қабырғалықтардың, едендердің беттері күн сайын ылғалды жинау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеп отыру шарт. Егер де орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған кезде орталықтандырылмаған және (немесе) дербес ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға, ішкі сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері орнатылған тасымалданатын ауыз суды пайдалануға жол беріледі. Асхана ыдыстарына арналған арнаулы жабдықтар болуы, табиғи жарықтандыру, ғимаратта табиғи және механикалық желдету бар-жоқтығы қарастырылады. Білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінде перспективалы маусымдық (жаз – күз, қыс – көктем) дұрыс, теңгерімді екі апталық мәзір жасалады.
Күнделікті мәзірінде тамақ алатын адамдардың саны, тағамның шығын (салмағын) грамммен көрсете отырып, әрбір тамақ ішуге арналған тағамдардың тізбесі, сондай-ақ әрбір тағам бойынша тамақ өнімдерінің шығымы («брутто» массасында) көрсетіледі. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер мен қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс етін күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей қосады.
Таңғы ас ыстық тағамнан (бірінші немесе екінші) және ыстық сусыннан, жұмыртқадан, сары май немесе ірімшік қосылған бутербродтан тұрады. Екінші таңғы асқа шырындар, жемістер көзделеді. Түскі астың да балалардың өсіп-жетілуінде маңызды орын алары сөзсіз. Бесін аста мәзірге техникалық регламентінің 8-бабына сәйкес рұқсат етілген тоқашпен немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, сүт қышқылы өнімі, кисель, шырындар) енгізіледі.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.
Сондай-ақ, білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауға бракераждық комиссия қатыса алады. Оның құрамында медицина қызметкері, әкімшілік, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілдері бар.