«Педагогикалық тандем» : Тәлімгер мен жас маман шеберлігі

4154

Талдықорған қаласында  «Педагогикалық тандем»  әдістемелік жәрмеңкесі   ұйымдастырылды. «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға әр мектептен тәлімгер мен жас мамандар қатысып өз шеберліктерін көрсетті.

Педагогтер шығармашылық визитка оқу процестерінің қыр-сырымен таныстырды. Сабақ барысы мен оқу үрдісі, сабақ үзінділері сахнада көрсетілді.  Бұл шараның басты мақсаты- мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау мен тәжірибе алмасу болып табылады.

  Қаладағы №4 орта мектептің базасында өткен  «Педагогикалық тандем» тәлімгер  мен жас маман» кәсіби шеберлік байқауына қатысушы  20 тәлімгер ұстаз бен 20 жас маман сабақ барысы мен тәрбие бағытындағы жұмыстарын   көрсетті. Бағалау критерийлеріне тәлімгер мен жас маманның бірлескен жұмысы, оның өзектілігі, жаңашылдығы, әдістемелік сауаттылық, тәрбие аспектісінің ерекшелігі, тіл мәдениетіне де назар аударылды.
Байқау барысында  жас ұстаздың әлеуетін ашудың өзіндік авторлық жүйелерін жасайтын талантты педагог-тәлімгерлер жұмыс істейтіні және олардың әрқайсысының үздік педагогикалық тәжірибесі, авторлық әдістемелері, қайталанбас педагогикалық қолтаңбасы бар екендігі және тәлімгерлер өздерінің жас әріптестерімен жомарттықпен бөлісетіні айқын болды.  Байқаудың аты-байқау. Сондықтан да жеңімпаздар анықталды.

«Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» КММ 36 жылдық тәжірибесі бар   Ли  Валентина Алексеевна мен жас маман Дана Ахмежанова  1-орынға лайық деп табылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз