Күніне 25 мың бөдене жұмыртқасы

245

Ескелді ауданындағы «Сәлем-құс» шаруашылығында осындай мол өніммен бірге, күніне 30 келі ет өндіріледі.
«Сәлем-құс» бөдене шаруашылығы – Жетісу облысындағы ірі бизнес жобалардың бірі. Бүгінде мұнда 100 мың бөдене бар. Олар күніне 25 мың жұмыртқа береді. Құс фабрикасының меңгерушісі Бағдат Серікқожаев екі жыл бұрын осындай нәтижені армандаған екен.
Кәсіпкер 2018 жылы Ескелді ауданының әкімдігімен меморандумға қол қойды. Кейіннен инвестициялар тартылып, «Сәтті құрылыс» компаниясы өз жұмысын бастап, ферма 2 жыл ішінде толығымен салынды. Оған сыртқы жабдықтар Қытайдан, ішкі жабдықтар Украинадан әкелінді.
Жоба толығымен өз нәтижесін берді. Бүгінде кәсіпорын үздіксіз жұмыс істеп, өнімдерін Алматы, Қонаев, Талдықорған сияқты ірі қалаларға жеткізуде.
Бағдат Серікқожаевтың айтуынша, бөдене бизнесін құруға және жүргізуге деген ұмтылыс тек материалдық құрамдас бөліктермен ғана емес, сонымен қатар, адам денсаулығына үлкен пайдасымен де байланысты. Мәселен, бөдене жұмыртқасы респираторлық ауруларға, анемияға, гастритке, асқазан ауруларына көмектеседі және қан қысымын қалыпқа келтіреді.
Ір кәсіпорында бүгінде 25 қызметкер жұмыс істейді. Олардың айтуынша, жұмыс барысы кішкентай шаруалардан басталады. Ең әуелі бір инкубаторға 50 жұмыртқа салынады. Инкубацияның 17 күнінде бөдене шығады. Сонан соң олар басқа бөлмеге ауыстырылады.
Бір аптада олардың әрқайсысы бастапқыдан үш есе, бір айда 15 есе салмақ қосады. Мұнан кейін балапандар ересектерге арналған тағамға біртіндеп ауыстырылады.
«Көптеген адамдар қағазға жазып алған жоспарларымен, бизнес бастауды оңай деп ойлайды. Ал іс жүзінде оны жүзеге асыру әлдеқайда қиын. Мәселен, мен бұл кәсіпке бірден келген жоқпын. Алдымен үйде бөдене өсіруге тырыстым. Бірнеше жылдан кейін аудандағы осындай үлкен және заманауи бөдене зауытына басшылық етем деп кім ойлаған? Мұның барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді. Мен елімді, туған жерімді сүйетін азамат ретінде осы қиындықтардың бәрін жеңіп, аймақтың дамуына өз үлесімді қосамын деп шештім.
Менің ойымша, нағыз патриот елге деген сүйіспеншілігін іс жүзінде дәлелдеуі керек. Алдағы уақытта «Сәлем-Құс» ЖШС бүкіл Жетісу облысын өзінің сапалы өнімімен толық қамтамасыз етеді деп сенемін», – дейді Бағдат Серікқожаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз