Педагогтерге жаңа біліктілікті арттыру курстары әзірленуде

337

 Алматыда өткен инклюзивті білім беру мәселелері бойынша отырыс барысында айтылды, деп хабарлайды  BAQ.KZ -ке сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

«Бұл бағытта бізде бірқатар проблема әлі де бар. Ол осындай балалармен жұмыс істейтін педагогтердің толықтай дайын еместігі. Сол себепті педагогикалық мамандарды дайындайтын ЖОО-дардың бағдарламаларына инклюзивті білім беру бойынша модуль қосу ұсынылып отыр. Одан бөлек біліктілікті арттыру аясында инклюзивті білім беру, яғни ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларымен жұмыс істейтін базалық біліктілікті арттыру курстары әзірленуде. Бұл курстар базалық, себебі барлық педагогтер осы бейімделген білім беру ортасын қалай құрады, пәнін қалай бейімдеп оқыту керек, балалардың ерекшелігін ескеріп қалай бағалау керек деген негізгі базалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған», — деді Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті директоры Лаура Бутабаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз