Жетісудың үздік жас ұстазы кім?

380

Талдықорғанда жас мұғалімдер арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиадасы өтті. Білім бәсекесінде өңірдегі үздік мамандар бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

         Аталған олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс істеуге тірек болар қағидаларға бағытталған. Негізгі мақсаты да сол. Ұстаздың шығармашылық әлеуетін дамытып, білім беру жүйесінде кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

         Іс-шараға ұйытқы болған облыстық білім басқармасына қарасты облыстық әдістемелік орталығы. Мұнда облыстағы кәсіби біліктілігі жоғары қатарынан оза шапқан жас маман Жетісудың абыройын республикалық додада қорғайды. Сондықтан байқауға педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес жалпы орта білім беру ұйымдарының 12 педагогы қатысты.

Шарада қатысушылар TED форматта шығармашылық жұмысын таныстырып,  сабақ фрагментінпрезентациялады. Өңірдегі білікті ұстаздардан құрылған әділ-қазылар мүшелері жеңімпаздарды анықтап, баға берді. Нәтижесінде I орынды сарқандық  Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің жас ұстазы Алёна Севериненко иелені. Ал II орынға ақсулық Е.Жайсаңбаев атындағы ОМ МДШО-ның маманы Динара Жанабаева мен талдықорғандық Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 мектептің қызметкері

БекболатЕсбосын лайық деп танылды. III орынды тиісінше текелілік №3 ОМ МДШОның жас маманы Алияр Жумагалиев, 125 High School Taldyqorgan мектебінен Эльмира Нұрахметова, панфиловтік Абай атындағы орта мектебінің маманы Айгерім Сатыбалдиева өзара бөлісті.

Облыстық педагогикалық олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізетін республикалық олимпиадасына жолдама алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз