1. «Отбасы — алтын қазына» атты өнеге сағаты
10 қыркүйек күні Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылдық округінде «Отбасы — алтын қазына» атты өнеге сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, қызметкерлер арасында отбасылық сыйластық, өзара түсіністік пен татулықты насихаттау, отбасының адам өміріндегі маңызын айқындау. Өнеге сағаты барысында қатысушылар отбасы, ата-ана, бала тәрбиесі, отбасындағы өзара құрмет пен жауапкершілік туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Әр адамның өміріндегі отбасының орны мен отбасы мүшелерінің бір-біріне көрсететін қамқорлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар қатысушылар арасында қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарына байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды. Қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, берекелі отбасының негізі – сыйластық, түсіністік, мейірімділік пен сенім екеніне тоқталды.
https://www.instagram.com/reel/DdF-hmuo1gJ/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
2. «Дені сау ұрпақ — бірге өсеміз!»
Отбасы апталығы аясында Қойлық ауылындағы М. Жұмабаев атындағы орта мектепте «Дені сау ұрпақ – бірге өсеміз!» атты отбасылық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын насихаттау және отбасылық белсенді демалыс мәдениетін дамыту.
Шара барысында ата-аналар мен балалар бірлесіп спорттық ойындар мен түрлі эстафеталарға қатысып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуінің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қатысушылар отбасымен бірге уақыт өткізудің, спортпен шұғылданудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсініп, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен бірлік нығая түсті.
https://www.instagram.com/p/DdGGh2ksxbV/?stkn=MW10enJrOTFta296Zw==
3. «Отбасы құндылығы – ұлт байлығы» тақырыбында тәрбиелік
іс-шара
Отбасы апталығы аясында Сарқан ауданы Алмалы ауылында «Отбасы құндылығы – ұлт байлығы» тақырыбында тәрбиелікіс-шараөткізілді.
Іс-шара барысында отбасының адам өміріндегі орны мен маңызы туралы әңгіме қозғалып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. «Отбасы», «ата-ана», «сыйластық», «мейірімділік», «жауапкершілік», «ұлттық тәрбие» ұғымдарына түсінік беріліп, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметі мен қамқорлығының маңызы айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DdGHTZ0JHgH/?stkn=aTlxeXEza2NqNWl0
4. «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз»
Отбасы апталығы аясында Сарқан ауданы Көктерек ауылында «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз» тақырыбында балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/DdGIYFqBs1f/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
5. «Телефондағы отбасы»: Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік – басты назарда!»
Отбасы апталығы аясында Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылында «Телефондағы отбасы»: Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік – басты назарда!» атты өскелең ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернетті саналы түрде пайдалану және кибербуллингтің алдын алу мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері, күмәнді сілтемелер мен жалған ақпараттан сақтану, жеке мәліметтерді жарияламау, әлеуметтік желідегі әдепті қарым-қатынас және кибербуллинг жағдайында дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ ата-ана мен бала арасында цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық диалог орнатудың маңыздылығы айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DdGJFRps4qD/?stkn=bnI0YXY5djYwYTF0
6. «Ата-аналар да шаршайды» — отбасыға уақыт бөлу, өзіңе көңіл бөлу!
Отбасы күніне орай «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Ата-аналар да шаршайды» тақырыбында ерекше форматтағы көңілді іс-шара өтті.
Шара «Сымбат» орталық стадионында ұйымдастырылып, ата-аналар мен ата-әжелерге күнделікті үйдің тұрмыс-тіршілігінен, жұмыстың қарбаласынан бір сәт сергіп, өздеріне уақыт бөлуге мүмкіндік берілді.
Іс-шара барысында қатысушылардың денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге және отбасы мүшелері арасындағы жылы қарым-қатынасты арттыруға бағытталған түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды. Қатысушылар дене жаттығуларын жасап, сергіту сәттеріне қатысып, скандинавиялық жүріспен айналысты. Сонымен қатар, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты «Молекула» ойыны ойнатылды.
Күнделікті отбасының қамын ойлап, бала тәрбиесі мен үй шаруасына, жұмысқа уақытын арнап жүрген ата-аналар мен ата-әжелер үшін бұл шара — өздеріне көңіл бөліп, бой сергітіп, жақсы көңіл-күймен тыныстауға арналған тамаша мүмкіндік болды.
Қатысушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күймен сергіп қайтты.
7. «Бақытты қартаюдың құпиялары. Қаржылық сауаттылық»
Отбасы күніне орай Алакөл ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығында тұрғындарға арналған «Бақытты қартаюдың құпиялары. Қаржылық сауаттылық» тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Кездесудің басты өзегі – аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қолдау, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ күнделікті өмірде маңызды мәселелер бойынша пайдалы ақпарат ұсыну болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қаржыны дұрыс жоспарлау, қаражатты тиімді жинақтау, депозит ашу, несие рәсімдеу, тұрғын үй алу мүмкіндіктері мен қаржылық қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге арнайы шақырылған «Әділет» партиясының Алакөл ауданы бойынша филиалының консультанты Тукеева Лаура Қадырбаевна қоғамдағы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы маңызды мәселелерге тоқталды.
Ал Алакөл аудандық «Халық банк» басқарма басшысы Сәрсенбай Ақан Айдынұлы қаржылық сауаттылық, депозит ашу, ақша жинақтау, несие алу және тұрғын үй мәселелері бойынша қатысушыларға пайдалы мағлұмат берді. Баяндамадан кейін тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кездесу соңында қатысушылар мамандарға өздерінің қаржылық, әлеуметтік және құқықтық мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
8. «Бақытты отбасы» тақырыбында фотокөрме
Кербұлақ ауданының Қосағаш орта мектебінде 4-сынып оқушылары арасында «Бақытты отбасы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылып, отбасы құндылықтары мен отбасылық дәстүрлер дәріптелді. Сонымен қатар 11 «А» сынып оқушылары арасында отбасының қадірі, ата-анаға құрмет және сыйластық тақырыптарында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар отбасындағы жауапкершілік, сенім мен қолдаудың маңыздылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылардың отбасы құндылықтарына деген құрметі артып, ата-ананы қадірлеу, отбасылық дәстүрлерді сақтау және жақындарына қамқорлық танытудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
https://www.instagram.com/p/DdEZMbyNbOk/?stkn=ZThpNHYzbW8xbTJn
9. «Алғашқы дербес қадам: мектепалды даярлық сыныбына бейімделу» тақырыбында практикалық кездесу
Отбасы апталығы аясында Малайсары орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілерінің ата-аналарына арналған «Алғашқы дербес қадам: мектепалды даярлық сыныбына бейімделу» тақырыбында практикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – ата-аналарға баланың мектепалды даярлық кезеңіне бейімделу ерекшеліктерін түсіндіру, жаңа ортаға үйренуіне қолдау көрсету және отбасы мен білім беру ұйымы арасындағы өзара байланысты нығайту.
https://www.instagram.com/p/DdF66kZo8L4/?stkn=amVkM2hoeHhteDd0
10. «Әке мен бала: белсенділік, қамқорлық және қатысу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара
Отбасы апталығы аясында Қарымсақ орта мектебінде «Әке мен бала: белсенділік, қамқорлық және қатысу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, әке мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, ата-ананың бала өміріне белсенді араласуы мен қолдау көрсетуінің маңыздылығын насихаттау.
Шара барысында әкенің балаға үлгі болуы, оның қызығушылықтарына көңіл бөлуі, бірге сапалы уақыт өткізуі, қолдау мен қамқорлық танытуы жөнінде пікір алмасылды. Әке мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
https://www.instagram.com/reel/DdEBATiNZ3u/?stkn=MXEwbXJqMXBnNnZpYg==
11. «Әке мен бала: белсенділік, қамқорлық және қатысу», «Әке + бала: бірге өткізген 60 минут»
https://www.instagram.com/reel/DdEHHUSNlKg/?stkn=N2VnY3Q1YnJlMHVq
https://www.instagram.com/reel/DdF9vTqIO8v/?stkn=NGR1OGY5czNrcmo1
12. «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында дөңгелек үстел
Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-де «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, отбасылық құндылықтар мен ата-анаға құрмет мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Әке мен бала – бірге» практикалық іс-шарасы өткізіліп, оқушылар әкелерімен бірге шығармашылық және спорттық жұмыстарға қатысты. 1-сынып оқушысы Нұрлан Айбар Нұржанұлы «Отбасылық мұрағат – менің отбасымның тарихы» тақырыбында бейнеролик дайындады.
https://www.instagram.com/reel/DdCG6BroXUy/?stkn=MW5wa244ZzEyMmtlcw==
https://www.instagram.com/reel/DdCHFRVo9j3/?stkn=MWpqc2Nscnd2Mm1lMw==



























