Ауыл мектептеріне арналған пәндік олимпиада

794

2023 жылы 20 қараша күні « Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер  бойынша республикалық олимпиадасының» қалалық кезеңінің ашылу салтанаты Өтенай ауылындағы №21 орта мектебі базасында өткізілді.

Іс-шараға Өтенай ауылдық округінің әкімінің орынбасары Малтаев Руслан Ырысбекұлы, «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының әдіскері   Асемхан Харипхан, Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің маманы Әсем Құралхан және мектеп директорлары қатысты. Жалпы алғанда, Талдықорған қаласындағы  №11, №21, №22,№23, №26 мектептерінен 122 оқушы қатысуда.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

 Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде қолға алынған білім сынына  ауылдық мектепте соңғы екі оқу жылында білм алушы 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынған ауыл балалары арасында өтіп жатқан пәндк олимпиаданың 1-кезеңіне 85 мыңнан астам оқушы қатысуда.  Әр кезең жеңімпаздары анықталатын болады.

«Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Каркулова айтуынша,  «өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңге қатысу үшін аuyl.daryn.kz сайтында 85 401 оқушы тіркелді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізіледі. Кезең қорытындысы орталықтың сайтында жариялатын болады».

 Ал, ІІ іріктеу кезеңін желтоқсан айында облыстық білім басқармалары өткізеді. Кезең дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада жүргізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз