Жасөспірімдерге әскери мамандықтар таныстырылды

1

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Жайлы» орта мектебінің 10–11-сынып оқушыларына әскери-патриоттық бағытта кездесу өткізді. Іс-шараны мемлекеттік құпияларды қорғау тобының аға офицері лейтенант Т. Айтмұхамбет Шекара академиясының 4-курс курсанттары Т. Абдримов және Е. Нәрікбаймен бірлесіп ұйымдастырды.

«Жас шекарашы» әскери-патриоттық ұйымының жоспарына сәйкес өткен кездесуде оқушыларға оқу қаруын бөлшектеу және қайта құрастыру бойынша тәжірибелік сабақ көрсетілді. Сонымен қатар Шекара академиясына, Ресей мен Түркияның жоғары әскери оқу орындарына түсу талаптары, іріктеу кезеңдері, оқу ерекшеліктері және курсанттардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі туралы ақпарат берілді.

Кездесу оқушылардың әскери мамандықтарға қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға және болашақ мамандықтарын саналы таңдауына бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз