Оқушыларға әскери оқу орындары таныстырылды

1

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының күзет тобының офицері аға лейтенант С.Айтжан Шекара академиясының 4-курс курсанты Е.Нәрікбаймен бірлесіп, Кіші Шыған ауылындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар кездесуін өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара академиясына, Ресей Федерациясы мен Түркияның жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды рәсімдеу, іріктеу кезеңдері және дене даярлығы нормативтері түсіндірілді. Сонымен қатар әскери мамандықтар, оқу үдерісі, курсанттардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен оқу аяқталғаннан кейінгі қызмет мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Іс-шара жастардың әскери мамандықтарға қызығушылығын арттырып, болашақ кәсібін саналы таңдауына бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз