Жүрсіннің қалжыңдары… Серікзат Дүйсенғазин

500
дереккөз

Алматыға айтысқа келгенде ақшасы таусылған ақындардың біразы Жүрсін Ерманнан қарызға ақша алып жүреді екен. Алған ақшаларын кейде қайтарады, кейде ұмыттырып қайтармайтын көрінеді. Сондай бір айтыстың кезінде Жүрсінге еркелеп жүрген екі інісі қарызға ақша алса керек. Айтыстың соңында Жүкең әлгі екі ақынды сахнаға мақтап отырып шақырып, қолдарына «арнайы сыйлық» деп бір-бір конверттен ұстатады. Айтыстан жүлде алдық деп марқайған ақындар сахна сыртына шығып конвертті ашса ішінде ақша емес, бүктеулі ақ қағаз жүріпті. Сөйтсе, Жүрсін бір суретшіге екі саусақтың арасына бас бармақты шығарған суретті салдырып конвертке салып қойған екен. Қарызды қайтарып алудың әдісін ойлап тапқан Жүкең екі інісіне дайындаған «арнайы сыйлығын» ел алдында тапсырып, конверттің ішінен өзінің қарызға берген ақшасын алып қалған екен.

***********

Бір күні Қазақ радиосындағы Бас директор Жүрсін Ерманның кабинетінің алдында отыратын хатшы қыз қазіргі жастардың сән үлгісі бойынша екі құлағына үлкендігі өзінің басының жартысындай дөңгелек сырға тағып келіпті. Соны байқаған Жүкең: «Сен өзі құлағыңа люстра тағып алғансың ба?» деген екен

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK