Оқушылардың каникул уақыты жарияланды

384

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылындағы тоқсандардың ұзақтығы мен каникул уақытын бекітті. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2023-2024 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте басталды. Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

«Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады», – делінген хабарламада.

Министрлік жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыс берілетінін атап өтті. Ұзақтығы 7 күн болатын демалыс 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды.

Ведомсто ақпаратынша, төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайтынын, сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталатынын мәлім етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз