Халықтың жүрегінен орын алған мереке

294

Елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде тойланады. Бұл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен өткен жылы қолға алынған болатын. 1990 жылдың 25 қазанында сол кезеңдегі ҚазССР-дің жоғары кеңесінің қаулысымен  мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл Декларацияның құндылығы — тәуелсіздік қарсаңында қабылданған тарихи құжат. Бұл құжаттың негізінде қазақтың тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізі бекітілді. Құжатта алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған құл сұғылмайтындығы, Қазақстанда тұрып жатқан этнос өкілдерінің, халқымыздың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін сақтау және дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту сияқты ережелер бекітілді. Бұл құжатта саяси-экономикалық және әлеуметік мәселелерді өз бетінше шешу қағидасы жарияланды.

Сол жылдардағы депутаттардың белсенділігі, болашақ жолында аянбай еңбек ете білді. Декларация кіріспесінде қазақ ұлттық, қазақ халқы деген сөзіне таласпақ болып, алып тастамақ болғандар кездескен. Бірақ депутаттар дәл сол нұсқаның дұрыстығын қолдап шыққан.  Бұл  мереке 2009 жылы тойланбай қалды.

 Араға 13 жылдан кейін қайта оралып, ұлттық мереке ретінде тойланатын болды. Мерекелер туралы заңда бұл мейрамның орны айрықша көрсетілген.  Жаңа Қазақстандағы тарихи бір белес. Орын алған  олқылықтың орны толды.

Ұлттық мереке ретінде халықтың жүрегінен орын алған ерекше орны бар күн. Өткенімізді ұмыстпай , ұлықтауымыз керек.  Бұл айтулы күннің  мәртебесі, мемлекет болып қалыптасуымызға, халықты біріктіруге айтарлықтай  орны болғандығы сөзсіз. Мұны жастар арасында насихаттап, түсіндіргеніміз жөн.

                                                                                                Оралбек Жақиянов,

қоғам қайраткері

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз