Талдықорған бассейіні балық сұлбасына ұқсайды

788

Талдықорған бассейіні  балық сұлбасына ұқсайды. Талдықорғандағы  халықаралық стандартқа сай бассейн  осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілді.  Олимпиадалық стандарттарға сәйкес салынатын бассейн алаңы 8680 мың шаршы метрді құрайды. Тағы бір ерекшелігі – сәулеттік кейпі балық сұлбасына келтірілген.  Қаламызда спортқа ерекше бөлінген.

 Жаңа бассейнде әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізілуде. Себебі жаңа ғимарат 4 бассейнді қамтиды. Екеуінің ұзындығы 50 метрден, ені 25 метрден, тағы екеуі олимпиадалық ойындарға арналған – біреуі жаттығуға, екіншісі жарысқа арналған. Айтар болсақ, бұл жерге балалары мен немерелерін апаратын ата-апалар мен жас аналармен жиі ұшырасамын. Талдықорғандық балдырғандардың басым көпшілігі  осында деуге болады.  Бұл ғимарттың ерекше салынғандығына куә болып жүрміз.

Әлихан Батырболов, №14 ОМГ оқушысы:

-Менің туып-өскен қалам  Талдықорған өте әдемі де көрікті. Айнала ағаштармен көмкерілген. Маған жүзу бассейініне барған ұнайды. Кішкентай кезімнен шынығып, спортпен айналысып келемін. Зәулім осындай балалар жаттығатын ғимараттың салынғанына қуанамыз. Бұл жерде халықаралық жарыстар өтіп тұрады.  Су спортынан әлем чемпионаттары өтіп, атақты Олимпиада чемпиондары келіп тұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз