Ұстаз-қастерлі, ұлағатты сөз. Әр жанның көкіректегі жүрегіне ерекше жылулық нұрын төгетін аяулы тұлға ол- мұғалім. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Мұғалімдер күніне орай өткен салтанатқа қатысты.
-Құрметті ұстаздар қауымы кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Оқушыларға саналы білім мен зерделі тәрбие беру ісіне бүгінде 3 мыңға жуық ұлағат иесі тер төгіп келеді. 60-тан астам балабақша балдырғандарды тәрбиелеуге үлес қосуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге табыс, денсаулық пен бақыт тілеймін,-деді шаһар басшысы.
Мұнан кейін жүздеген мұғалім облыс пен қала әкімдерінің және салалық білім мекемлерінің марапаттарын иеленді. Ал ардагер 10 ұстазға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды.