Кәсіптік біліктілік — жетісітікке апарар жол

653

 Өскелең ұрпаққа тәлім мен тәрбиені қатар  беріп, тынымсыз еңбек еткен ұстаздардың еңбегі орасан. Әр заманның оқуы, білімі, ұстазы әртүрлі болғанымен, бәрінің мақсаты бір. Ол жарқын болашақты қалыптастырудың бірден  бір кепілі.

Ұстаздар- ұлағатты есім. Күн сәулесін төксе, ал ұстаздар шәкірттеріне күндей жарық береді. Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстазыңа мың құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың  ғалымын да, данасын да,  егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасаң, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз-деген» екен.

 Игі  істердің  бастамашысы,  өз жұмысының майталманы,білім мен біліктілігіне жауапкершілігімен, тиянақтылығымен, кәсіпорын қызметін сапалы,заман  талабына сай шеберлігін ұйымдастыра білген азаматтың бірі-  Жұмаділов Әсет Қазыйұлы.

Ол 1992 жылы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы педагогикалық институтын жалпы  техникалық пәндер мамандығы бойынша бітіріп, Талдықорған қаласындағы №3 жоғары кәсіптік училищеге жұмысқа қабылданды. Білімді де жігерлі жас  маман алғашқы әскери дайындық сабағынан дәріс беріп, жауапкершілігі мен талапкерлігінің  арқасында 1 жылдан соң, яғни, 1993 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы салада қызметінде талай жас жеткіншектердің жұмысшы мамандығын меңгеруге септігін тигізді.

 2013 жылы Талдықорған гуманитарлық–техниқалық колледжінде директорлық қызметіне тағайындалды. Сол директорлық  қызметінде  талай игілікті істерінің  ұйытқысы болып игі жұмыстарды  атқарды. Өндіріс орындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында колледж әлеуметтік серіктестіктермен келісімшартқа отырып, студенттердің өндірістік тәжірбиесінің жоғары деңгейде өтуіне жағдай жасады. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқауларда да талай  жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырды.

 Өз ісінің майталманының айтуынша,  жас мамандардың шыңдалуына әр түрлі деңгейде өтетін байқаулардың да маңызы зор.    «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы-2019» байқауында ІІ дәрежелі диплом, республикалық  «Жас маман-2020»,  «Сала көшбасшысы», «Үздік оқыту мекемесі» атағын жеңіп алды. Сондай-ақ,  жоғары деңгейде ұйымдасырылған байқаулардан бас жүлде, І,ІІ,дәрежелі дипломдары мен марапатқа ие болғандығын айтуға тиіспіз.

Ұжымды талай жетістіктерге жетелеген Әсет Қазыйұлының  атқарған ісі, төккен тері текке кеткен жоқ. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса кішіпейілділік қасиетімен де көпке сыйлы. ҚР «Білім беру ісінің құрметті  қызметкері»төсбелгімен  және  2022 жылы «Парасат» медалімен марапатталуы еңбегінің арқасы.

  Еңбегі елеусіз емес, қызметіндегі  табысты еңбектері  бірнеше рет облыстық білім басқармасының  «Құрмет грамотасымен», облыс әкімнің «Алғыс хатымен»,колледждің қаржылық-экономикалық үнемделуі мен материалдық-техникалық базасының өсуіне зор үлес қосқаны және кәсіпорын қызметін сапалы, заман талабына сай ұйымдастыра білген «Экономика мақтанышы» орденімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалімен,  «За  вклад в развитие образования» медалімен, «Үздік директор» төсбелгісіне ие болды. Осының барлығы  Әсет Қазыйұлының  білім саласына  сіңірген зор еңбегі үшін берілген баға.

Осы жылдары ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейінің арқасында оқу орны талай сайыстар мен байқауларда  жүлдегер атанып, облыс, қала көлемінде танымал болды. 2023  жылы жазда облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес  білікті маман Әсет  Жұмаділовты    Талдықорған индустриялық колледжінің директоры болып бекітілді.

Әсет Қазыйұлы бойындағы шығармашылықпен айналысатын, жан-жақты, тереңнен пайымдайтын, алдына қойған мақсатына жете алатын ,заманға лайық басшының тұлғасы.  Қызметтестерінің айтуынша, директорлық қызметінде   талай игілікті істердің атқаруда.    Соның бірі  — колледж «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ  және «Әдістемелік орталығы»КММ-ның ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы- 2023»байқауында  «Жетістік жолында» номинациясымен марапатталып,  қаржылай сертификатты  иеленді.

Колледжде жастарға мамандықтарын терең меңгеруі үшін «Жастар үйі», асхана,спорт залы ,тренажер залы, мәжіліс  залы, кітапхана, сонымен қатар мамандық бойынша замауи құрылғыларымен жабдықталған оқу шеберханалар бар.

 «Еліміздің болашағы-жастардың қолында, ал жастардың болашағы –ұстаздардың қолында» -дегендей,  білікті   басшы ұстаздардың сабақ беру деңгейін көтеру мақсатында әдістемелік көмекті дұрыс жолға қойып, әр сабаққа ұстаздың тиянақты дайындалуын талап етуде. Нәтижелері де ауыз толтырып айтарлықтай.

Колледждің  жастар үйіндегі білім алушыларға тұрмыс –жағдайын  жақсарту әрқашан директордың назарынан тыс қалған емес. Оны материалдық жағынан толықтыруға әрдайым көмек беруде.

Сонымен қатар,  колледжде әртүрлі іс-шаралар үйымдастырылып келеді. Ашық есік күні,  «Құқық бұзышылықтың алдын алу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», Халықаралық жастар күніне орай жастарға кәсіптік бағдар беру арқылы  «Jetisy jastary » КММ-нің ұйымдастыруымен, «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында «Бос жұмыс орындар жәрменкесі»  өткізіліп, оған білімгерлер қатысқан.

 Мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, көшбасшылық қасиетін және дарындылық дамыту мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы және «Әділетті Қазақстан»  мұраты»  атты қалалық байқау колледж қабырғасында өтті.  Облыстық мәслихат депутаты Қаһарман Ернайұлымен кездесу ұйымдастырылып,  Мемлекет баасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты  Қазақстан  халқына жолдаған Жолдауы  талқылады.

 Әсет Жұмаділов: «Қазіргі заман-кәсіби білімі бар білгір мамандық иелерінің дәуірі. Кез-келген өндіріс орнында, құрылыста,  зауыт-цехтар, коммуналдық шаруашылық мекемесінде және басқа салалада атқарылатын жұмыс тетігі кәсіптік-техникалық білімі бар маманның қолында. Осындай мамандықтарды даярлайтын   индустриялық колледждің  тарихы теренде  жатыр. Мамандыққа байланысты келер болсақ,  биылғы жылы 2023-2024 оқу жылына 200 талапкерлерге тапсырыс берілген,  профорентациялық жұмыстарды жүргізіп,  биылғы жылы 503 білім алушыларымен оқу жылын бастап отырмыз. Колледж  қаладағы көптеген  кәсіпорындармен іскерлік байланыста.  Мәселен, «Сайман»,  «Транстал», «Таксопрак» « Ақ-Нар» «Жан-Ел»  жауапкершілігі шектеулі серіктестері жастардың  тәжірибе алуына мүмкіндік жасап отыр.  Алдағы уақытта  жастардың  оқуын бітірген соң жұмысқа орналасуына  да мүмкіндіктер қарастырылуда»,- дейді.

 Колледжде  жалпы 109 адам қызмет жасайды.  Оның  78-і  педагог қызметкерлер  болса, 44-і мұғалім, 34-і өндірістік оқу шеберлері.  24 оқу кабинеті, 1 лаборатория, 1 шеберхана, оның ішінде 7 оқу цехы бар.  2 компютерлік сынып, 180 орынды асхана, акт залы, спорт залы білімгерлер үшін.  Оның сыртында кітапханашы  Гүлзира Жұмагелдіқызының айтуынша,  кітапхана ақпарат орталығы болғандықтан білім алушылар мұнда жиі бас сұғады.  Кітапханада 17727 данадана астам  кітап қоры бар.  Сондай-ақ, білімгерлер үшін  420 орынды жатақхана жабдықталған.

Әсет Қазыйұлы жаңашыл, жаңалыққа жаны құмар, педагогикалық тәжірибесі өте бай, жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбекқор, іздемпаз, ұжым арасында беделді, бастамашыл, шығармашылықпен жұмыс істей алатын білікті ,білімді басшы екендігі  оқу орыннан кіргенен бірден байқалады.   Осындай өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын жандардың жөні де, жолы да бөлек.  Әсет Жұмаділов  өз әріптестерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтауды да ұмытпады. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шәкіттеріне зейін, ұстаздық жолда абыройлырыңыз асқақ, беделдеріңіз биік болсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз