Мәлімет үшін ақпарат

Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?

Ол үшін 2026 жылғы 14 наурыз күнгі сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.

Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.

Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.

Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.

Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.

Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.

Облыс азаматтары облыс, аудандар және қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған «Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеріңіз» сервисінде референдум учаскесін нақтылай алады, ол үшін өз ЖСН енгізу қажет болады.

Облыстың әр ауданында және қаласында Call-орталықтар іске қосылған, онда тұрғындар референдумға қатысушылардың тізімінде өздерін тексеруге, өздерін қызықтыратын өзге де сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар

Референдум учаскесін қалай білуге болады?

Жетісу  облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:

Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):

Жетісу облысы – 109

Ақсу ауданы  – 8 (72832) 22158

Алакөл ауданы – 8 (72833) 21507

Ескельді ауданы – 8 (72836) 29954

Қаратал ауданы – 8 (72834) 21962

Кербұлақ ауданы – 8 (72840) 31010

Көксу ауданы – 8 (72838) 40910

Панфилов ауданы  – 8 (72831) 53664

Сарқан ауданы – 8 (72839) 22969

Талдықорған қ.  – 8 (7282) 402031, 402030

Текелі қ. – 8 (72835) 44065

Жетісу облысының аумақтық референдум комиссиясы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз