«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

4

Талдықорған қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жетісу облыстық коалициясының төрағасы Арыстанғали Арын және өңірлік коалиция өкілдері белсенді жастармен бірлесіп, «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Акция барысында коалиция мүшелері мен ерікті жастар қала тұрғындарымен тікелей кездесіп, алдағы саяси науқанның маңызын түсіндірді. Олар әр үйге барып, Конституциялық өзгерістердің мәнін қарапайым тілмен жеткізіп, тұрғындарды 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.

Жетісу облыстық коалициясының төрағасы Арыстанғали Арын айтуынша, бұл бастама азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған.

«Бұл референдум — еліміздің келешегіне шешім қабылдайтын тарихи сәт. Сол себепті әрбір азаматтың қатысуы мен белсенділігі аса маңызды. Әрқайсымыз ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды шешім қабылданатын күні дауыс беруге келуіміз керек», — дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, халықпен тікелей байланыс орнатуға ықпал ететінін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз