Құрметті талдықорғандықтар!Қазақтай көл-көсір елі бар, мақтанарлық тарихы, данагөй ақсақалы мен ақылман әжесі, үлгі тұтар жалынды жастары мен ел басқарған қара нар ағалары бар халқымыз дүйім жұртпен бірге 2022-Барыс жылын берекемен қарсы алды. Жаңа жыл ерекше мейрам екені рас. Қай-қайсымыз болсақта келген жылға үміт пен сенім артып, тосын сый мен жақсылық күтеміз. Бұл, әрине, адами болмыс. Ырымшыл халқымыз әр жылға атауына қарай болжам жасайтыны бар. Келген Жаңа жыл түз тағыларының бірі -Барыс жылы атанып отыр. Барыс жылы жорамаларда тыныштық жылы саналған екен. Барыс-өте мықты, қажырлы, айбарлы аң.

Сондықтан да жаңа жылда сеніміз ақталып, жоспарларымыз орындалсын.

Шығарып салған  Сиыр жылы елімізде талай айтулы оқиғалар болды. Маңдайға басқан бағымыз Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, туған қаламыз Талдықорғанның 20 жылдығы аталып өтілді. Ел тарихынан ерекше орын алар ұлт мақтаныштарының мерейтойлары тойланды. Талай отбасылар жаңа баспана алып, қуанышқа бөленді. Бүгінгі мектеп оқушылары — ертеңгі ел тірегі, білім алушылардың заманға сай білім алуына мүмкіндіктер жасалынып, мұғалімдер қауымының мәртебесінің өсуіне қолдау көрсетіліп жатқаны бізді қуантады. Жыл ішінде қол жеткен табыстар жаңа жетістіктерге жетелейтіні белгілі. Біз бірлігіміздің арқасында тарихтың бұл парағында абыроймен артқа тастадық.

Ескі жылдың келеңсіз сәттерін ұмытып, Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күй, жаңа бастама, жаңашыл идеялармен қарсы алып отырмыз. Жаңа — 2022 жылы жағымды жаңалықтар көп болсын. Еліміз тыныш, іргеміз мықты, абыройымыз асқақ, беделіміз биік болсын. Әр отбасына денсаулық, бақыт, ырыс-береке тілеймін!

                                                                                     Шалқар  Құдайбергенов,

                                                                        Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы

                                                                        №18 орта мектеп-лицей директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK