Жас сарбаздардың ата-аналарымен кездесу өтті

1

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының басшылық құрамымен «Күз-2026» шақырылымының жас сарбаздарының ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ата-аналарға сарбаздардың әскери қызмет барысы, күнделікті тыныс-тіршілігі, әскери тәртібі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар ата-аналар мен әскери бөлім арасындағы байланысты нығайту, жас сарбаздардың қызметіне қатысты сұрақтар талқыланды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз