Мемлекеттік шекарадан өту кезінде жеке құжаттарға назар аударыңыз!

1

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлаған азаматтарға жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдалану тәртібін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Мемлекеттік шекарадан өту кезінде әрбір азамат өзінің жеке басын куәландыратын, заңнама талаптарына сәйкес жарамды құжатын ұсынуға міндетті.

Осыған байланысты азаматтарға жолға шығар алдында жеке куәлігінің немесе паспортының бар-жоғын, жарамдылық мерзімін және құжаттағы деректердің дұрыстығын алдын ала тексеру ұсынылады.

Басқа адамның құжатын пайдалану, өзге тұлғаның деректерімен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге әрекет жасау, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсыну заңнама талаптарын бұзу болып табылады. Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық қарастырылған.

Егер құжат жоғалған, бүлінген немесе жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда, азаматтар сапарға шықпай тұрып тиісті мемлекеттік органдарға жүгініп, құжаттарын уақытылы қалпына келтіруі немесе жаңартуы қажет.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті азаматтарды мемлекеттік шекарадан өту кезінде заң талаптарын сақтауға, жеке құжаттарының жарамдылығына жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Есіңізде болсын: мемлекеттік шекарадан өту – заң талаптарын сақтаудан басталады!

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз