Балалар жарақатының алдын алу

413

Жетісу ақпараттық алаңына бұл жолы  көпсалалы облыстық балалар ауруханасының травматолог дәігері Дәурен Тасболатов пен онкогематолог дәрігер  Ерсұлтан Абдумәліков   арнайы келіп «Балалар жарақатының алдын алу» тақырыбында әңгіме қозғады.

Травматолог дәрігердің айтуынша, балалар жарақаты ең ауыр әрі жиі таралып отыр. Жазғы балалардың демалысы кезінде жол-көлік апатынан болатын жағдайлар жиі кездеседі. Тіпті бұл түрінен қайғылы және мүгедектік  кездеседі. Кішкентай балалардың терезеден құлап кетуі, сусындарға ұқсас сұйықтықты ішіп қоюы, тұрмыста аулада, үй ішінде оқыс жарақаттар алу, мектепте дене шынықтыру сабағында түрлі  жарақаттанулар кездесіп жатады. 70-75%-ы тұрмыстық жарақаттар санатында, балалардың оқыс қимыл қозғалысы, ата-аналардың назарынан тыс қалуы жатады. Балалар тәулігіне 50-60 жарақатпен қаралады, операцияға алынатыны 5-7-еу. Көбіне, қол-аяқ жарақаттары жиі кездеседі.

Ата-аналарға айтарымыз- балаларға мұқият бақылауда болу, тұрмыстық химиялық заттарды балалар қол жетпейтін  орында ұстау. Жол — көлік апаттары Жетісу облысы бойынша статистика көрсеткіштері өткен 2022 жылмен салыстырғанда 5-6 % көбейген.

Соңғы кездері жасөспірімдер арасында скутермен болған жол-көлік апаттары жиілеуде.  Алдын алу шарасына — жүргізүшілер және жолаушылар жол жүру ережесін сақтау, қауіпсіздік белбеуін тағу, балаларға арналған орындық орнату болып табылады.

Ал онкогематолог дәрігер Ерсұлтан Сайдұсманұлы балалар арасында кездесетін  онкогематологиялық аурулардың профилактикасы турасында айтып берді.

«Біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде, өкінішке қарай, онкологиялық аурулардың түрі де, оларға шалдыққан науқастардың саны да көбеюде.  Бұл аурудың балалар арасында ұшырасуы өкінішті, әрине.

Көптеген адамдардың бұл диагнозды үкім ретінде қабылдайтыны рас. Бірақ қазіргі заманғы медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік береді. Оларды емдеуге жыл сайын миллиардтаған қаражат бөлінеді. Аурудың алдын алу үшін дәрігерге дер кезінде қаралу арқылы аурудың қаупін азайта алады. Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді».

Қатерлі ісіктің қайдан пайда болатынын дөп басып айту қиын. Қатерлі ісіктің пайда болғаны, өкінішке орай, адамға бірден білінбейді. Тек ісік өскен кезде, жан-жағындағы үлкен жүйке талшықтарын, тамырларын немесе асқазан, тік ішек, т.б. секілді ағза мүшелерінің саңылауын жапқан кезде ғана байқалады. Қатерлі ісіктің пайда болу ошақтарының бірі — созылмалы аурулар. Сондықтан созылмалы ауруларды уақтылы емдеткен дұрыс. Дегенмен ауруды ерте анықтаған жағдайда оны емдеу де оңай болатынын ұмытпаған жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз