2026 жылғы 28 ақпан – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берудің соңғы күні

3

Құрметті кәсіпкерлер! 2026 жылғы 28 ақпан – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берудің соңғы күні. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде ауыспау үшін хабарлама жіберуді кешіктірмеңіздер. Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес үш арнайы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа және фермер қожалықтары үшін.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
Маңызды! Егер көрсетілген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеушілер қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтардан басталатын жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.
Хабарлама беру тәсілдері:
— салық төлеушінің кабинеті арқылы (СӘАЖ АЖ «Құжаттарды тапсыру» бөлімінде – «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама»);
— «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы («Сервис» – «ЖК салық режимін өзгерту»);
— орналасқан жері бойынша МКБ — да (қағаз жеткізгіште);
— екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы («Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде – «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту»).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз