Жетісу облысында балалардың білім алуына толық жағдай жасалған

910

Жетісу облысы бойынша жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте 129 800 оқушы мектеп партасына отырды.  Оның ішінде 1 — сынып оқушылары 12900 бала.

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 4 мыңнан астам студент қабылданды, соның  2400-дейі  жұмысшы мамандықтары. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли  БАҚ өкілдерімен өткен жиында мәлім етті.

2023 жылы 58 мектепті жаңғыртуға 2,9 млрд. теңге бөлінді.  Сонымен қатар оқулықтарды сатып алуға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Оқушылар түгелдей оқу-құралдарымен қамтылды.

Облыста 69 елді мекеннен 1766 оқушы  (мектептері жоқ 27 елді мекен, тиісті мектептерсіз -40 және 2 саяжай қауымдастығынан)   оқуға жеткізіледі. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы  жылы   12 автобус сатып алынды.  Оның ішінде 7 автобус оқу жылы қарсаңында,  аудандардың білім бөлімі мекемелеріне берілді. Қалған 5 автобус жыл соңына дейін келеді.

Жалпыға бірдей оқыту қорынан жекелеген санаттағы 23486 оқушыларды мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге (1 оқушыға 40567 теңгеден) шамамен 1 млрд.теңге бөлінді.

 Жаңа оқу жылындағы басты жаңалықтың бірі-ол бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының сайлауалды тапсырмасын іске асыру мақсатында жаңа оқу жылында 52 600 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылмақ. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Асханасы жоқ 49 мектепке тамақ тасымалданып беріледі.

Жаңа оқу жылына5 білім беру мекемесінің құрылысы жүргізіліп, қолданысқа  берілді. Сонымен қатар, 1 қыркүйекке Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 30 орындық жатақханасы бар 100 орындық колледж пайдалануға берілді.

2023 жылы 5 мектеп күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Олар Қаратал ауданы Кәлпе ауылы Кәлпе ОМ, Алакөл ауданы Ақжар ауылы Ақжар ОМ, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында №49 орта мектептерінде  күрделі жөндеу жүргізілді, қалған 2-еуі  жыл соңына дейін іске қосылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз