Бүгін, 5 қыркүйек — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Үкіметтің қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасында мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін.
Осы Тілдер мерекесіне орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары, арнаулы кәсіптік және орта білім беру ұйымдарының білімгерлері және мемлекеттік мекемелердің қызметшілері қатысып, белсенділік танытты.