ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНДІ..

387

  Қазақ елінде екінші рет өткен Ұлттық құрылтайдың екінші күнгі  «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» тақырыбында өткен отырысына Президент Қ.Тоқаев қатысып қазақ қоғамында болып жатқан үрдістерді өткен өмір тарихымен салыстыра келе ұлт құндылықтарына сәйкестіріп нақты дәйектермен халқының жүрегіне жеткізе баяндады.

Бұл менің жеке пікірім, азаматтық қоғам белсендісі ретіндегі ойым.

Мемлекет басшысы: -Қоғамдағы ізгіліктің бәрі адал қасиеттен басталады дей келе, «Негізгі мақсат-табысты болып көріну емес,шын мәнінде табыс -ты мемлекет болу. Бұл мызғымас қағида болуға тиіс» — деді.

 Бұл, мемлекеттік қызметтегі жандар жалған статистикамен еліміз көлемінде экономикалық және әлеуметтік жағдай, саяси үрдіс, ұлттық идеология қалыпты деп өз-өзімізді алдап өмір сүру жалған екенін еске салады…

— Ұлттық құрылтай бұл-арқаны кеңге салып отыратын жиын да емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар да немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған-деді.

Бұл бүгінгі қазақ қоғамындағы әрбір жиынды сән-салтанатпен халық пен мемлекеттің мүддесі үшін нәтижесі шамалы әйтеуір жиын өтті қонақ разы боп кетті деген жалған үрдіске тиісті баға бергені деуге әбден болады..

Атап айтсақ, Астанадан келетін немесе жергілікті билік өкілдері еліміз көлемінде жүріліп жатқан реформа, бағдарламаларды, Президенттің саяси ұстанымын халыққа жете түсіндіру бойынша жиындарды дайындықпен алдын ала сұрақ-жауаптарға қатысты сөйлейтін адамдарды іріктеумен өткізетіні шынайлылық айтылмай келеңсіз үрдістер қаз қалпында қала беретінінің кесірі.. Тек қана іссапармен келген қонақтардың көңіліне қарап дастархан, қонақ үй, жүріс тұрысына мән беріліп сән-салтанатпен шығарып салу қаракеттерінен болып түйіткілді мәселелердің түйіні шешілмей қала беретінен туындаған үрдіс. Нәтижесінде жоғары жаққа ел наразылығы айтыла беретіні.. Сондықтан жаңа заман Әділетті Қазақстанның талабы, халыққа алдын ала кімдер келетінін күні бұрын БАҚ арқылы жария етіп шынайы жиын өткізіп мәселенің мәнін ортаға салып түйіткілін шешуді қалыптастырғанда ғана Қазақ елі қарқынды даму жолын жүйелейтіні өркениет өзектілігі.

— Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгерме- се, ештеңе де өзгермейді-деді.

Бұл енді бүгінгі бет пердемізді ашық айтқаны дер едік. Расында адамның ниеті мен пиғылы жаңа заман талабына сай өзгермесе отбасы мен отанына деген сенім үміті де жаңғырмайды. Өзінің ұлт ұлылығынан гөрі өзгенің қылық қаракетіне қызығушылық таныта таңғалуын жалғастыра береді. Оған себеп қаншама ғасыр бізді өзге ұлттың құндылығын құрметтеуге идеология саясаты сан алуан тәлімін қалыптастырғаны да рас. Енді осы үрдістен арылу басты міндет, парызымыз болып тұр…Әр қазақ ойланар кез уақыт талабынан қалып барады..

— Біздің әлемдегі орнымыз, ең алдымен ұлтымыздың сапасына байланысты болмақ. Қуатты ел боламыз десек, бірлесе отырып, бірқатар маңызды сауалға жауап беруге тиіспіз. Ұлтымыз нені армандайды? Қазақстан азаматы қандай болуы керек? Еліміздің басты тірегі не? Миссия қандай? Біз қолға алған саяси-экономикалық реформаларды қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзге- рістермен қатар іске асыруымыз керек. Бұл маңызды міндет Біз алға үздіксіз қадам басуымыз керек — деп сегіз мәселені талдап айтып берді.

   Бүгінгі қазақ қоғамында өмір сүріп жатқан жандар арасында және билік өкілдерінің ішінде ұлт сапасы мен сана сезіміне көңіл бөліп ұлттық идеология мәселесін жүзеге асырумен айналысатын, қоғамдағы терең әлеуметтік мәдени өзгерістердің саяси да экономикалық ағымына алғырлық көзқараспен қарап оңтайлы шешімін тауып отыруға құзыры жететін, құлшыныс танытатын бірегей билік иесі жоқтың қасы десек те болар.. Әкімдіктегілер баяғы сол күнделікті қағазға,хат, сұраныстарға жауап беру үшін ақпарат жинақтап жолдаудан асар емес. Онымен қоса ашық үкімет жобасы іске қосылғалы жоғарыдан арнайы іс сапармен келетін халықпен кездестік жиын өткіздік деп мәлімет жинайтын, айтылған пікір, ұсынымдарын өздеріне тапсырма етіп беріп жауабын жолдауды талап ететін министрлік өкілдері мен депутат, тағысын тағылардың саны өткен жылдардан еселеп асып кеткені де шындық. Жаз бойы сабылған депутаттардың көмегі немесе тікелей араласуымен қымбат- шылық құрықталып халықтың әлеуеті мен әлеуметі артып кеткені де шамалы..

Осы жолғы Ұлттық құрылтайдың негізгі ерекшелігі Перезидент: Адал-азамат, Әділетті Қазақстан деген ұғым, күн тәртібінен түспей күйіп тұрған мәселені жергілікті халықпен кеңес құрып шешуге болатынына жан жақты түсінік бергені. Зер салып тыңдап зер-делеп сараптағандар «зейінің ашылсын» деген асыл сөздің құдіретін ұғынғандай болды!!

 — Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халық алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Мемлекеттік аппарат өкіл- дерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беру керек. Олар ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс “Адал азамат” дегеніміз-осы-деді.

  Бұл енді халық алдына шығып ашық диалог құрудан қашқақтап өзінің абырой атағы үшін қорқа беретін, тікелей қойған сұраққа суырып салып жауап беруге өзі дайын емес, қағазға қарамаса қабілеттілік шанағына сенбейтін жандардың кесірінен болып ел президентіне жүгінетіндердің саны еселеп өсуінен туындаған түйіннің қорытынды нәтижесі..

-Жаңа идеологиялық тұжырымды орнықтыру үшін мемлекеттік аппарат,сарапшылар,ғалымдар,тілшілер,азаматтық қоғам  өкілдері-бәрі жұмылуы қажет. Президент Әкімшілігі жұмыс жоспарын әзірлеп, айтылған мәселелерді түгел қатаң бақылауға алады. Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Бұл-өте жауапты әрі абыройлы міндет — деді.

  Ендеше Мемлекет басшысы өзі айтқанындай біздер отаншылдығымызды және елге деген жанашырлығымызды нақты іспен көрсететін уақыт келді алаш жұртының ағайындары!!!

                                                            Құрметбек Сансызбайұлы,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

 Азаматтық қоғам белсендісі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз