Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының 5-жазғы спартакиадасы басталды. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан зілтеміршілер қатысып, ел чемпиондығына таласуда, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың бірінші күнгі нəтижесі бойынша əйелдер арасында 45 келі салмақта Ю.ПОТАСОВА (Алматы обл) бірінші орынды жеңіп алды. Чемпион қос сайыстың қорытындысы бойынша 145 кг бағындырды. Екінші орын Айнұр Абдықалықова (Жамбыл обл) 129 кг, үшінші орынға Айым Мұхамеджанова (Ақмола обл) 121 кг табан тіреді.

Ал, 49 келі салмақта бірінші орынды Наталья Бедрик (Алматы обл) 150 кг қанжығалады. Екінші орынға Алтыншаш Оразбек (Нұр-Сұлтан) 150кг көтерілсе, үшінші орынды Дияна Серебрякова (Ақмола обл) 140кг иеленді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK