Халықаралық ескерткіштер қорғау күніне орай Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектеп -лицейдің 8в сынып оқушылары қаламыздағы Ақын Сара ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. «Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы» тақырыбында әдеби-тағзым ету шарасының тәрбиелік мәні зор.
Бұл іс-шараның мақсаты: -Ақын Сараның шығармашылығын насихаттау, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен рөлін жастарға жеткізу. Оқушылар ескерткіштің алдында жиналып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды,- дейді сынып жетекшісі, тарих пәнінің мғалімі Фариза Рысбаева.
Гүл шоқтарын қою арқылы біз Ақын Сараның рухына тағзым етіп, оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесін бағаладық. Тарихи танымдық сағат барысында оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше болды,-деді оқушылар.
Осындай шаралар ұлттық құндылықтарымызды сақтап, жастардың тарихи санасын қалыптастырары сөзсіз.





























