Қазақстанда тазару күні өтті
Бүгін, 23 наурызда Тазару күнінде Мемлекет Басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүкіл ел бойынша ауқымды экологиялық акциялар басталды.
🔺Қазақстандағы экологиялық күн тәртібі мемлекеттік саясаттың да, қоғамдық күнделікті өмірдің де бір бөлігіне айнала отырып, өзектілігін арттыруда. «Таза Қазақстан» бүкіл ел бойынша мыңдаған азаматтарды біріктіреді.
✅ Бүгін «Жаңару күні», «Таза ел біздің қолымызда», «Таза Қазақстан – жаңарған болашақ», «Табиғатқа тағзым» сияқты экоакциялары...
Су ресурстары және ирригация министрінің қатысуымен Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастады.
Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен...
Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп отыр.
Шараның мақсаты - су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ерікті жастар қолдау білдіруде. Акция аясында бұлақтардың көзін ашу...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі
Қымбатты отандастар!
Бүгін «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция басталды.
Бұл – Наурызнама онкүндігінде айрықша орын алатын күн. Қоғамымыздың жаңғыруы күллі табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Уақыт пен іргелі өзгерістердің осылай үндесуі баршамызға Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге айрықша күш-жігер беретіні сөзсіз.
Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру...
Жетісуда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бір күнде сегіз бұлақтың көзі ашылды
Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күніне орай Жетісу облысында бұлақ тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтіп, өңірдегі сегіз бұлақтың сөзі ашылды. Көксу ауданында өткен осындай акцияға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Көксу ауданы Бесқайнар ауылындағы бұлақ басына 200-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында ауыл тұрғындары, колледж студенттері, өңірдегі су шаруашылығы мекемелерінің...
23 наурыз — Тазару күні
23 наурыз Қазақстанда Тазару күні – жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің соңғы оныншы күні, бұл күн тазалыққа, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Бұл күн табиғаттың түлеуімен қатар, әрбір адамның тазалық пен тәртіпті сақтауына деген жауапкершілігін білдіреді.
Ашық дереккөздерден алынды.
Жетісудағы цифрлы Наурыз: роботтармен, дрондармен және ЖИ-мен бірге өткізілген мереке
Жетісу облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтілді. Мерекелік шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтыды. Талдықорған қаласындағы мерекеде Конституция ауылы мен биыл мерейтойлық жылы аталып өтілетін тарихи тұлғаларға арналған киіз үйлер сап түзді. Тағы бір атап өтерлік ерекшелігі сол, цифрлық киіз үй құрылып, заманауи технологиялық алаңда талдықорғандықтар мен қала қонақтары өңірде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалармен, жаңа шешімдермен танысты. Келушілерді...
Жетісудағы цифрлы Наурыз: роботтармен, дрондармен және ЖИ-мен бірге өткізілген мереке
Жетісу облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтілді. Мерекелік шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтыды. Талдықорған қаласындағы мерекеде Конституция ауылы мен биыл мерейтойлық жылы аталып өтілетін тарихи тұлғаларға арналған киіз үйлер сап түзді. Тағы бір атап өтерлік ерекшелігі сол, цифрлық киіз үй құрылып, заманауи технологиялық алаңда талдықорғандықтар мен қала қонақтары өңірде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалармен, жаңа шешімдермен танысты. Келушілерді...
НАУРЫЗ ӘР ШАҢЫРАҚҚА МОЛШЫЛЫҚ ПЕН БАҚЫТ ӘКЕЛСІН!
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Наурыз мерекесімен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Әз-Наурыз мерекесіне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Күн мен түн теңеліп, күллі тіршілік қайта түлейтін көктемнің осы бір шуақты шағында жыл басы –Ұлыстың Ұлы күнін халқымыз үлкен қуанышпен қарсы алуда.
Бұл мейрамды онкүндік ретінде кеңінен атап өту бүгінде игі дәстүрге айналды. Наурызнаманың әр күні жаңа дәуірге сай цифрландырумен ұштастырылып,...
22 наурыз – Жыл басы
Бұл мереке – табиғаттың жанданғанын, көктемнің келіп жеткенін, жаңа өмір циклінің басталғанын білдіреді.
Сонымен қатар бұл – татуласу кезеңі, адамдар өзара кешірім сұрасып, өкпелерін ұмытып, бір-біріне жақсылық пен береке тілейді.
Наурызда үй іші, айнала ретке келтіріліп, ағаш егіледі, көшелер абаттандырылады. Туған-туыстар бас қосады, үлкендерге сәлем береді, бір-біріне сыйлық жасап, ұзақ өмір, молшылық тілейді.
Мерекелік шараларда халықтық ойын-сауық, көше концерттері мен спорттық жарыстар...





























