Қазақстанда тазару күні өтті

5

Бүгін, 23 наурызда Тазару күнінде Мемлекет Басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүкіл ел бойынша ауқымды экологиялық акциялар басталды.

🔺Қазақстандағы экологиялық күн тәртібі мемлекеттік саясаттың да, қоғамдық күнделікті өмірдің де бір бөлігіне айнала отырып, өзектілігін арттыруда. «Таза Қазақстан» бүкіл ел бойынша мыңдаған азаматтарды біріктіреді.

✅ Бүгін «Жаңару күні», «Таза ел біздің қолымызда», «Таза Қазақстан – жаңарған болашақ», «Табиғатқа тағзым» сияқты экоакциялары өтті, «Мөлдір бұлақ», «Таза Жайық» акциялары өткізілді, «Өзіңнен баста», «Ақ ниет толқыны», «Тазару күні» т.рлі іс-шаралар өткізілді. Аумақты тазарту бойынша өткізілген акция қорытындысы бойынша 2,7 тонна қоқыс жиналды, 87 мың адам қатысты.

🌱Қазақстандықтардың ауқымды экологиялық акцияларға қатысуы табиғатқа қамқорлық жасау мемлекеттің, бизнестің және барлық азаматтардың ортақ міндеті екенін көрсетеді. Бұл жеке тазалау немесе экологиялық іс-шаралар туралы ғана емес, сонымен қатар тазалық, ресурстарға ұқыпты қарау және қоршаған ортаға жауапкершілік өмір сүру нормасына айналады.

🌱Бұл қағидаттар Конституция деңгейінде көрініс тапты және бекітілді, яғни олар ел үшін ерекше маңызға ие. Енді таза, қауіпсіз және абаттандырылған орта — бұл жай ғана тілек емес, барлығы үшін маңызды нұсқаулық.

✅ Өскелең ұрпақтың бойында экологиялық сананы қалыптастыруда «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысының бастамасымен бір реттік іс-шаралар шеңберінен шығып, экологиялық мәдениетті және азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін жеке жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған ауқымды қозғалысқа айналған экологиялық акция үлкен рөл атқарды.

⚜️Наурыз-рухани тазару мен жаңару уақыты. Наурызнамды мерекелеу аясында бүгін Тазару күні – жаңару символы және қоршаған әлемге саналы көзқарас атап өтілетіні қуантады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз