22 наурыз – Жыл басы

Бұл мереке – табиғаттың жанданғанын, көктемнің келіп жеткенін, жаңа өмір циклінің басталғанын білдіреді.

Сонымен қатар бұл – татуласу кезеңі, адамдар өзара кешірім сұрасып, өкпелерін ұмытып, бір-біріне жақсылық пен береке тілейді.

Наурызда үй іші, айнала ретке келтіріліп, ағаш егіледі, көшелер абаттандырылады. Туған-туыстар бас қосады, үлкендерге сәлем береді, бір-біріне сыйлық жасап, ұзақ өмір, молшылық тілейді.

Мерекелік шараларда халықтық ойын-сауық, көше концерттері мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, дәстүрлі рәсімдер атқарылады,түрлі тағамдар дайындалып, ұсынылады.

Ашық дерек көздердегі ақпараттар бойынша дайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз